Bugin

Алматы мен Ақмола облысы полициясының бұрынғы басшысы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы мен Ақмола облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Жайлаубек Кембаев ұсталды. Оған жемқорлық бабы бойынша айып тағылып отыр.

Бұл жайлы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«10.07.1963 жылы туған, 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған, полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұсталды. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін «К» азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алған азамат ретінде күдікті болып отыр», - деп хабар таратты агенттік.

23 мамыр күні Жайлаубек Халықұлы ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды. Әзірше тергеу шараларына байланысты қалған ақпарат айтылмайды.