Bugin
Қазақстан банктері клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатпақ. Бұл жайлы ҚР Ұлттық банк хабарлады.
Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, халықтың тауарға деген сұранысының өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктер де несие беруді жаппай көбейтіп жіберді.
«Кейбір банктер маркетинг акцияларын жүргізіп, тұтынушылық несиенің сұранысын арттырып жіберді. Бір жағынан қаңтарда енгізілген төтенше жағдай режимі және ресейлік банктерге салынған санкция несие беруді біраз азайтты. Шамамен, есепті тоқсанда 16%-дан 10%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ енді тұтыну тауарларына беретін кредитті де енді банктер клиенттің төлем қабілетіне қарай беретін болып, шарттарын өзгертіп жатыр. Сыйақы мөлшерін арттырды. Соған байланысты банктер беретін несиенің шектің мәнін қайта қарамақ», - деп түсіндіреді банк қызметкерлері.