Bugin

Утильсалықты мүлде жоқ қылуға бола ма – Премьер-министр жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Утилизациялық алымды мүлде алып тастауға болады. Жоқ деуге тағы келмейді. Бірақ отандық нарықты сақтаудың жалғыз механизмі – осы болып тұр.

Осылай дейді премьер-министр Роман Скляр үкімет кулуарында. Шенеунік «утилизациялық алымды мүлде алып тастауға бола ма, бұл мүмкін нәрсе ме?» деген сауалына былай жауап берді:

«Жоқ» деп тура жауап бере алмаймын. Ештеңе мәңгі емес. Бірақ біз көршімізбен бірыңғай экономикалық одақтамыз. Ал көрші елде утильсалық бар. Қазақстанда отандық көлік жасау нарығын қорғаудың басқа механизмі жоқ. Экономикалық кез келген саласын үкімет қорғауы тиіс», - деп түсіндірді Р.Скляр.

Айта кетейік, Қазақстанда утилизациялық салықтың көлемі 50 пайыздай азайған еді. Алайда салықтың 2 есе азайғаны көлік бағасын арзандата қойған жоқ. Қоғам белсенділері енді оны мүлде алып тастауды ұсынып отыр.