Әлем
Ресейлік олигархтар батыстың санкцияларынан құтылу үшін Украинаға миллиардтаған қаржы беруге дайын. Бұл туралы немістің «Handelsblatt» газеті жазады, деп жазады Bugin.kz порталы.
Канада қаржы министрлігінің басшысы Христия Фриландтың айтуынша, бастама олигархтардың өздерінен келіп түскен. Олар активтердің едәуір бөлігін Батысқа жібереді, содан кейін санкция салынғандардың тізімінен алынып тасталады.
Мұндай мәміле қай тарапқа болмасын пайдалы болмақ. Өйткені: Киевке миллиардтар түседі, Батыс дебаттан аулақ болады, ал олигархтар уайымсыз күндерін қайтарады.