Әлем

«Мариуполь елестер қаласына айналды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мариупольде осы уақытқа дейін 22 мың адам қайтыс болған. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі Петр Андрющенко CNN-ге берген сұхбатында айтты, деп жазады Bugin.kz порталы

«Мариуполь елестер қаласына айналды», - деді ол.

Андрющенконың айтуынша, 22 мың адамның қайтыс болғаны қалада қалған шенеуніктердің ақпаратына негізделген. Алайда шынайы есеп одан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Сонымен қатар қала әкімінің кеңесшісі қаза тапқандарды жерлеуде қиындықтар бар екенін атап өтті. Адамның денесін мәйітханадан алу үшін оның туыстары украиналық әскерилердің қолынан қаза тапқаны туралы бейнежазба түсіруі керек.