Bugin
Бүгін АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте атыс болып, 14 оқушы мен бір мұғалім оққа ұшты. Бұл туралы штат губернаторы Грег Эбботт хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Губернатордың мәліметіне сүйенсек, оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын — Сальвадор Ромас. Күдікті оқиға орнына келген тәртіп сақшыларымен атыс кезінде қаза болды.
- «Ол 14 оқушыны жер жастандырды, тағы бір мұғалімді өлтірді» - деп мәлімдеді Грег Эбботт.
Атыс Техас уақыты бойынша 12:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 23:00) басталған. Арада бір сағат өткен соң полиция атыс шығарған қаскөйдің көзін жойғанын мәлімдеген.
Жалпы мұндай оқиғалар әлемнің түкпір түкпірінде орын алуда. Осы орайда, соңғы 20 жылда мектептерде орын алған атыс, жарылыс және террорлық шабуылдарға тоқталсақ.
Йокела, Финляндия, 2007 жыл
2007 жылдың 7 қарашасында 18 жастағы Пекка-Эрик Аувинен мектепте атыс ұйымдастырады. Сабаққа келмеген ол, мектептегі жаппай кісі өлтіру қауымдастығына мылтық сілтеп тұрған суретін жариялап «бұл күн тарихта қалады» деп жазады.
Ол білім беру мекемесіне түскі ас кезінде келген. Оның бірінші құрбаны 16 жастағы жасөспірім. Жалпы саны алты студент пен екі ересек адамды өлтірген. Жігіт жаралыларға көмектеспек болған мектеп медбикесі мен ғимараттан шығып үлгерген мектеп директорына оқ атқан. Жігіт мектепті өртеп жібермек болған, бірақ үлгермеген. Полиция келген кезде ол басына оқ атып, сол күні кешке аурухана төсегінде қайтыс болады.
Каухаджоки, Финляндия, 2008 жыл
2008 жылдың 23 қыркүйегінде студент Матти Жухани Саари кәсіптік мектеп ғимаратына жертөле арқылы кірген. Ол мектепке кіре сала күзетшіге оқ атқан. Алайда, күзетші лезде қорғанып үлгерген. Оқу-жаттығу аймағында Саари студенттерге оқ жаудырып, кейін өзі әкелген Молотов коктейльін өртеп, дәлізге лақтырып жіберген. Бірақ, оның бұл әрекеті сәтсіз болып шығады. Бірнеше студент не болып жатқанын білу үшін сыртқа шыққан. Олардың екеуі оқиға орнында тіл қатпай кетеді. Саари барлығы 9 оқушы мен бір мұғалімді өлтіреді. Оқушылардың жасы 20-26 арасында. Полициямен атыс орын алғаннан кейін Саари өзіне тапанша кезеп, бірнеше сағаттан кейін ауруханада қайтыс болады.
Ньютаун, АҚШ, 2012 жыл
2012 жылдың 14 желтоқсанында 20 жастағы Адам Питер Ланза әуелі анасын атып өлтіріп, содан кейін Сэнди Хук бастауыш мектебіне келеді. Ол шыны есіктерге оқ жаудырып, мектеп ішіне кіреді.
Бірінші сынып оқушыларына арналған сыныпта Ланза мұғалімнің бетіне оқ атып, оқушыларын өлтіріп кетеді. Оқушыларын шкафқа жасырмақ болған мұғалім мен шәкірттеріне оқ жаудырған. Көптеген ұстаздар шәкірттерін жасырып болған соң қазақ тапты.
Ланза 100-ге жуық оқ атқан. Алты жасар баланы 11 оқпен өлтірген.
Атқыш полиция сиренасын естігеннен кейін өзін-өзі өлтірді. Ланза 20 бала мен 6 ересек адамды атып өлтірді: директор, психолог, екі мұғалім және екі көмекші.
Мәскеу, Ресей, 2014 жыл
2014 жылдың 3 ақпанында мұндай қайғылы оқиға Ресейде алғаш рет орын алды. 263 мектептің оныншы сынып оқушысы Сергей Гордеев география сабағына аңшылыққа арналған карабин және винтовкамен келген. Ол мұғалімге оқ атып, сыныптастары – 21 жасөспірімді кепілге алған.
Мектепке кіре берісте Гордеев қорқытқан күзетші полиция шақырған. Ғимаратқа кірген екі прапорщиктің бірін ол атып өлтірген. Гордеевті әкесі көндіреді.
Қылмысқа жоспар құру барысында мектеп оқушысы сыныптастарына «ертең менің не істейтініме таң қаласыңдар» деген мәтінмен смс жолдаған. Сот-медициналық сараптама Гордеевті есі дұрыс емес деп тауып, оған параноидтық шизофрения диагнозы қойылды.
Ивантеевка, Ресей, 2017 жыл
5 қыркүйекте Мәскеу облысының Ивантеевка қаласында 9-сынып оқушысы Михаил Пивнев пневматикалық мылтық және жарылғыш құрылғыларымен мектепке барады. Ол сыныптастары отырған информатика кабинетіне кіреді. Бірақ мұғалімі оқушыдан күдікті әрекеттерді байқап, дәлізге алып шығады. Сол жерде ол мұғалімін балтамен ұрып, бетінен атып кеткен.
Сыныптастары кабинетті іштен құлыптап, екі қыз мен бір жігіт екінші қабаттың терезесінен секіріп кетеді. Қылмыскер басқа қабатқа көтерілген кезде ұсталдаы.
Сотта студент зардап шеккендерден кешірім сұрады. Бұл оқиғадан ешкім қаза болған жоқ. Тек 4 адам зардап шекті. Пивнев 7 жыл 3 айға түзеу колониясына бас бостандығынан айырылды.
Паркленд, АҚШ, 2018 жыл
14 ақпанда мектептің бұрынғы оқушысы Марджори Стоунман Дуглас оқу орнына противогаз киіп, мылтық пен бомба ала келген. Ол балаларды сыныптан шығару үшін өрт дабылын қосқан.
Жігіт 17 адамды өлтірді: 12-сі мектепте, екеуі аулада, тағы біреуі көшеде, екеуі ауруханада қайтыс болды. Студенттер мұғалімдермен бірге полиция келгенше екі сағаттай сыныптарында қамалып қалды. Қылмыскер эвакуацияланған оқушылармен бірге мектептен шығып кеткен. Алайда, шамамен бір сағат өткенде ол ұсталды. Студент өзін жынның дауысы кісі өлтіруге мәжбүрлегенін айтты.
Керчь, Ресей, 2018 жыл
17 қазанда Керчь политехникалық колледжінің 4-курс студенті Владислав Росляков қоршаудан асып, ғимаратқа кірді. Екінші қабатқа көтерілген студент өзімен бірге мылтық пен оқ-дәрі ала келген. Бірінші қабаттағы асханада жарылғыш затты қалдырған. Құрылғы үзіліс кезінде жарылған. Осы уақытта Росляков қаруын қолға алып, атуға кіріскен.
Жігіт 20 адамды өлтірді: 15 студент пен 5 колледж қызметкері. Олардың 15-і оқиға орнында, 4-уі ауруханада, тағы біреуі тасымалдау кезінде көз жұмды. Зардап шеккендердің ең жасы 15-те. Барлығы 67 адам зардап шекті.
Росляков колледж кітапханасында өлі табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Ригби, АҚШ, 2021 жыл
7 мамырда Айдахо штатының Ригби қаласында алтыншы сынып оқушысы өзінің орта мектебіне оқ жаудырады. Бойжеткен рюкзактарына мылтық салып, алдымен дәліздегі адамдарды көздеп, кейін атысты аулада жалғастырады.
Мұғалім оқушы қыздан тапаншаны алып үлгерген, әйел оны полиция келгенше ұстаған.
Қаза тапқандар болмаған. Кішкентай қыз күзетшіні және екі оқушыны жарақаттаған.