Bugin

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кездесуде қандай құжатқа қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Қырғызстан мемлекетіне барды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттерінің кездесуінде қол қойылған екіжақты құжаттар тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Алматы облысының әкімдігі мен Қырғызстан Президентінің Ыстықкөл облысындағы уәкілетті өкілінің кеңсесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасу ниеті туралы хаттама

2. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Қырғызстан Президентінің Ош облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

3. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімдігі мен Қырғызстан Президентінің Талас облысындағы уәкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум

4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қырғызстанның Экономика және коммерция министрлігі және «JOINT TECHNOLOGIES» ЖШС арасындағы Қарасу және Ақ-Тілек ауданындағы өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешеннің инфрақұрылымын инвестициялау туралы меморандум

5. Қазақстан Республикасы мен Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум

6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғызстан Министрлер Кабинетi арасындағы шекаралас аумақтардағы табиғи өрттердiң алдын алу және сөндiру туралы келiсiм

7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Министрлер Кабинетінің арасындағы авиациялық іздестіру-құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

9. 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

10. Қазақстан мен Қырғызстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрліктерінің 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары.