Әлем

Германия канцлері Ресей Федерациясына ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Владимир Путин Украинаға қарсы соғыста жеңе алмайтынын түсінуі керек. Бұл туралы Германия канцлері Олаф Шольц мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Ресей Федерациясына ескерту жасады.

– «Путин өз соғысында жеңіске жетпеуі керек. Оның жеңе алмайтынына сенімдімін», – деді Шольц.

Сондай-ақ, Шольц Германияның Путинге Украинамен бейбітшілік шарттарын жасауына жол бермейтінін айтты.

– «Диктантпен бейбітшілік шарттары жасалмайды. Украина мұны қабылдамайды. Біз де қабылдамаймыз», – деді Германия канцлері.