Әлем

Пентагон: Ресей армиясы соғыс басталғалы 1000 танк пен 36 ұшағын жоғалтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей армиясы соғыс басталғалы бері кем дегенде 1000 танк пен 36 ұшағын жоғалтты. Дегенмен, олардың Украина Қарулы Күштерінен техника мен адам күші жағынан үлкен артықшылығы бар. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Голос Америки басылымына сілтеме жасап. 

Ресей армиясы қазірдің өзінде үлкен шығынға ұшырағанымен, соғыста «біртіндеп ілгерілеуде».

АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, украин әскерлері осы уақытқа дейін «қатты қарсылық» көрсеткенімен, Ресей Украина қарулы күштерінің бөлімшелеріне және Донбасстағы әртүрлі нысандар мен қалаларға ауыр соққы беруді жалғастыруда.

Пентагон шенеунігі Украина армиясының «Харьков төңірегінде де бірте-бірте ілгерілеп келе жатқанын» және қарсы шабуылдардың нәтижесінде соңғы 90 күнде Ресей талап еткен бірқатар аумақтарды қайтарып алғанын атап өтті.

АҚШ Қорғаныс министрлігінде Ресей армиясы соғыс басынан бері шайқаста кемінде 1000 танк, 36 ұшақ және 50-ден астам тікұшақтан айырылғаны туралы мәліметтер бар. Дегенмен оның Украина Қарулы Күштерінен техника және адам күші жағынан әлі де үлкен артықшылығы бар.

АҚШ әскерилерінің мәліметінше, қазір Украинада 110 ресейлік батальондық тактикалық топ жұмыс істейді, ресейлік бөлімшелер Славянск және Краматорск бағытында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді.