БІЛІМ

Өміріңді 180 градусқа өзгертетін 180 беттен тұратын кітап жарыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сүйінші!

Бір жылға созылған, көп еңбекті, көп талқылау мен өзгерістерді талап етіп, түрлі мамандармен сұхбат жүргізіп, олардың өміріндегі кейстерді жинақтап отырып дайындалған, мектеп оқушысынан бастап студентке дейінгі, одан әрі өзін таппай жүрген, орта таба алмай сандалған, кәсіптің көзін іздеушілерге арналған қазақ тіліндегі кітап жарық көрді.

Кітаптың аты – DARYN.

Daryn Books баспасынан шыққан кітаптың авторлары да жазушы немесе әдебиет айдынының өкілдері емес. Дегенмен бұл кітапты жазуға кедергі болмағаны анық.

Садық Шерімбек – IT-маман. Өз кезінде «JUZ» деп аталатын кітапты жарыққа шығарып, жастар арасында, қоғамда қызу талқыға түскен автор.

Мансұр Рүстемхан – математика пәнінің мұғалімі.

Кітап ішінде BUGIN HOLDING негізін қалаушылардың, танымал тұлғалардың ойлары мен пікірлері де ұсынылған.

«Мен кіммін?» деп басталатын алғашқы мазмұннан-ақ оның адам болмысына, адам табиғатына байланысты сезімдерді жинақтай отырып жазғанын байқауға болады. Кітап одан әрі «Отбасы», «Орта», «Білім», «Еңбек», «Әлем», «Денсаулық», «Қаржы» деген секілді бөлімдермен жалғасады. Әр бөлімнің өзінде бірнеше тараулар бар. Әр тарауда кеңестер бар.

Кітапты қолына ұстаған оқушы да, студент те, жас маман да, енді отбасын құрған жас отбасы да өзіне керек өмірлік мақсатты, өзіне қажет деп тапқан жолды көре алады.

Бұдан бөлек кітап ішінде «кітап ұтып алу үшін» деп арнайы жасалған сый кәделері де бар. Оның шартымен кітапты сатып алған кезде таныса аласыз. Кітаптың бағасы да қымбат емес, кез келген адамға пайдасын беретін бұл кітап кез келген жағдайда сөмкеңізде жүргені дұрыс. Кітап әрі көмекші құрал деуге де болады.

Кітап 3 түрлі дизайнда жарық көрген. Талғамға қарай таңдап оқысаңыз да болады.

Кітапқа тапсырыс беру немесе ұсыныстар болса осында жазыңыз:

+7 702 757 66 92