Bugin
«Туыстарымның бірі менің атымды пайдаланып заң бұзатын болса, жауапқа тартылуы керек». Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Данияр Әшімбаевтың Telegram арнасына сілтеме жасап.
– «Көп жылдар бойы біз Қазақстанда құқықтық мемлекет құрудамыз. Оның негізгі қағидасы – заң барлығына бірдей. Туыстарымның бірі менің атымды пайдаланып, заң бұзатын болса, жауапқа тартылуы керек. Кінәсі сотта дәлелденуі керек. Әрбір азаматтың құқықтық қорғалуға құқығы бар екенін ұмытпауымыз керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.