Bugin

Нұрсұлтан Назарбаев Қанды қаңтар оқиғасы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбаты барысында Қаңтар оқиғасы туралы сөз етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

– «Қаңтар оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл ұйымдасқан тәртіпсіздіктер мен Қазақстанға жасалған шабуылдардың мақсаты – елге бейберекеттік себу, мемлекеттің тұтастығын бұзу болды. Болған қайғы бәрімізге сабақ болды. Осы погромдар мен кісі өлтірулердің барлығын ұйымдастырғандардың артында кім тұрғанын анықтау маңызды. Тергеу бұл сұраққа жауап беретініне сенімдімін. Бүкіл елде дайындалып жатқан толқулар туралы тиісті құқық қорғау органдарының неге білмегенін немесе білгісі келмегенін түсіну керек.

Ол кезде мен үшін президентімізге жан-жақты қолдау көрсету, түрлі қауесеттер мен болжамдарға үн қатпау маңызды болды. Оған еліміздің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттіктерін бердім. Ең сорақы сценарийдің алдын алған Президенттің шешуші әрекеттері болды» – деді Назарбаев.