БІЛІМ

«BILIM ALL LIKE» интелектуалды-зияткерлік сайысы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін «Bugin Association» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «BILIM ALL LIKE» интелектуалды-зияткерлік жобасы өткізілді.

Білім сайысы Тұран университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті  студенттері арасында өткізілді.  

Қатысушы командаларға сертификаттар мен «Daryn books» дүкенінің «Daryn» кітаптары берілді. Ал жүлделі орын алған командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды.   

«Алаш» тобы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) - І орын және 50 000 теңге;

«Ғылым stars» тобы (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) - ІІ орын және 30 000 теңге;

«Ғибрат» тобы (Алматы технологиялық университеті) - ІІІ орын және 15 000 теңге;

Финалдық кезеңге  өткен «Тұмар» тобы (Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті) мен «BasTimes» тобына (Қазақстан-Британ техникалық университеті) «Eleven» караокесіне жолдама мен 10 000 теңге ақшалай сыйлық берілді.

Сайысқа «Тұран» университеті басшылығы және Тулекова Гулжан Қажымұратқызы, «Керемет» кеңсе заттарының басшысы Қаратаев Аслан Ерболұлы, және  «Eleven» караоке директоры Әділет Байжан демеушілік жасады.