Суреттен не көрдіңіз – өзіңіз туралы құпияны біліңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кез келген адамның санасында жасырынған кішігірім сөре болады. Оның ішінде адамдардың естелігі, құпиясы және әр түрлі заттарға деген шынайы көзқарасы сақталады. Психологтар оны «түпсана» деп атайды. Ал сіздің түпсанаңызда не жасырынған? Жоғарыдағы суреттен бірінші болып нені көрдіңіз? Бұл психологиялық тест ішкі әлеміңізге үңілуге көмектеседі.

Ер адамның беті

Сіз өте батыл адамсыз, тағдырдың сынағына мойынсынбай келесіз. Ортаңызда беделіңіз бар, барлығы сізге оң көзқараспен қарайды.

Шешімді тез қабылдайсыз, мақсатыңызға жетпей қоймайсыз, адамдармен тез тіл табысып кетесіз және эмоционалды жансыз.

Ерік-жігеріңіз күшті және мінезіңіз де жоқ емес. Жауапкершілігіңіз мол болғандықтан, жақындарыңыз қиын шақта сізден демеу іздейді. Жақын тартпаған адамдарға сеніп, құпияларыңызды бөлісе бермейсіз. Ал жақын достарыңыздың арасында өте ашық адамсыз.

Кітап оқып отырған ер адам

Көпшілік арасынан дараланып, ерекшелігіңізбен көзге түскенді қаламайсыз. Сізге көбіне басқалардың тасасында қалған ұнайды. Өзіңізге ыңғайлы ортада, жақын адамдарыңыздың қасында уақыт өткізгенді жаныңыз қалайды. Кез келген уақытта айналысатын іс табасыз. Шығармашылық қабілеттеріңіз де бар. Барлық істе үйлесімділікке ұмтыласыз.

Басқа біреу сізге манипуляция жасағысы келгенін білсеңіз, ол адаммен қарым-қатынасыңызды үзесіз. Басқаның пікіріне бағыну, ойына еріп кету – сіздің таңдауыңыз емес. Ішкі жан-дүниеңіз жалғыздықтан қорқады.

Қоршау

Айналаңыздағы адамдардан, жалпы әлемнен өзіңізді қорғағыңыз келеді. Шынайы сезімдеріңізді ішіңізде тұншықтырып, қоғамнан алшақтауды дұрыс санайсыз. Жақында біреу көңіліңізді түсірген болуы мүмкін.

Адамдар сізді түсінбейді және бағаламайды деп қорқасыз. Өміріңізді өзгерткіңіз келеді. Алайда нақты шешім қабылдауға әлі дайын емессіз. Басыңыздағы қиындықтарға басқаша көзқараспен қарап, өзгерісті қазір бастайтын уақыт келген шығар?!

Ағаш пен алмалар

Сіз қазіргі уақытта өзіңізді жақсы сезінесіз. Қиындықтар сізді аса мазалай бермейді. Басыңызға түскен мәселеге оң көзқараспен қарай аласыз. Бақытты жансыз және осы өміріңізге разысыз.

Ортаңыздың гүлісіз. Адамдардың көңілін көтерудің жолын білесіз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61