Bugin

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Желілік спартакиадасы аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында футзалдан III Желілік спартакиада аяқталып, жеңімпаз командалар анықталды. 

Футзалдан спартакиаданың ақтық кезеңіне 12 Назарбаев Зияткерлік мектебінен 16 команда өзара бақ сынасты. Жастарды спортқа баулу, зияткерлердің достық қарым-қатынасын арттыру мақсатында өткізілген бұл сайыста біздің зияткерлер III-орын иеленіп, жүлдегер атанды. Ақтық кезеңде мықты командалармен кездесіп, терезесі тең ойын көрсетіп қоймай, қола жүлдені еншілеген команда мүшелері: 

Еркін Мұхтар  

Жапаров Альтаир 

Жомартұлы Мақсат  

Дәлелбек Әли 

Ибрай Аскар 

Әбді  Сұлтан   

Усманов Алишер 

Бақытұлы Айқын