Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКартинада көрсетілген жануарлардың суреттері мінезіңіздің әлсіз тұсын білуге көмектеседі. Bugin.kz порталы назарларыңызға психологиялық тест ұсынады.
Жолбарыс
Ашушаң адам екеніңіз түріңізден бірден байқалады. Алайда әділ әрі адал жансыз. Айналаңызды қоршаған адамдардың жауапкершілікті өзіне алуына және жылдам болуына аса мән бересіз. Табысыңыз әрі қарай артуы үшін тез ашуланатын қызба мінезіңізді өзгертуге тырысыңыз.
Бүркіт
Қалауыңыз – еркіндік. Жаныңыз саяхаттауды қалайтын көңілді жансыз. Сіз үшін өмірдің тамаша әрі әлемнің әдемі болуы заңды. Дәл осы позитивті көзқарасыңыз сізге қуаныш сыйлайды. Оны жоғалтып алмауға тырысыңыз.
Арыстан
Сіз үшін отбасыңыз бірінші орында. Жұмыста отырғанның өзінде оларды ойлап отырасыз. Болашаққа алаңдап кетесіз. Бос уайымға салына бермеңіз. Уайым денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Басқалардың айтқан пікірі сіз үшін өте маңызды.
Ит
Алға қойған мақсатыңыз көп, алайда жалқаулығыңыз одан да басым болып тұр. Ашық, адамдармен тез араласып кететіндіктен әрдайым жаңа ортаның гүлі бола аласыз. Ойыңызда жүрген әрбір істі жүзеге асыруға тырысыңыз. Бағыт таңдайтын уақыт келді.
Қасқыр
Тұйық адамсыз, көп сөйлегенді жақтырмайсыз. Бойыңызда тәкаппарлық бар, алайда оған қоса өзіңізге қояр талабыңыздың күші де мықты. Өзіңізді қамшылағанды ұнатасыз. Ылғи сұрақ қойып, қателіктерден сабақ аласыз. Бұл көп адамның қолынан келе бермейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61