Әлем

«Жертөледе босанды»: Украинадағы соғыс әйелдер мен балаларға қалай әсер етті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы соғысқа байланысты елдегі перзентханалар мен ауруханалар зымыран соққысына ұшырады. Мұндай жағдайда екіқабат әйелдер балаларын өмірге қалай әкелді? DW басылымы жертөледе босанған әйелдермен сұхбаттасты, деп жазады Bugin.kz порталы.

Соғыс кезінде әйелдер қалай босанды?

Әскери қимылдарға байланысты Украинадағы ауруханалардың көбі қирап, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 2 наурызда Житомыр перзентханасы қатты соққыдан кейін қирап қалды. Дәл сол күні Мариупольдегі перзентхана басқыншылардың соққысына ұшырады. Келесі күні Запорожье облысындағы көпбөлімді аурухана да жоғарыдағы перзентханалардың күйін кешті. Жарылыс салдарынан үш тұрғын қаза тапты. Украина Денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко аурухананың қирағанын айтып өтті.

«Медицина қызметкерлері де, науқастар да зардап шеккен жоқ. Жарылысқа қарамастан дәрігерлер екіқабат әйелдерді босандырып алды. Тіршілікті тоқтата алмаймыз, өмірге жаңа келген украиналық сәбилердің шырылдаған дауысы террористердің әуесоққысынан асып түсті», – деді министр.

Құрбысы соғыс жағдайында босанған бұрынғы халық депутаты Анна Гопко «күллі әлем украин әйелдерінің перзентханаларды бомбалап жатқанының өзінде өмірге сәби әкеліп жатқанын білуі керек» екенін айтты.

«Біз халықты эвакуациялау үшін күресіп жатырмыз. Красный крест және басқа да ұйымдар Украинаға баруға қорықпауы керек. Сонымен қатар біздің қалаларымыз қоршауға алынбауы қажет. Біз әлемнің көшбасшыларын Украинаға шақырамыз», – деді ол.

Жертөледе әйелдер өмірге сәби әкеліп жатыр

Елордалық перзентханаларда жағдай шиеленісіп кеткен. Ресей Украинаға соғыс ашқан 24 ақпан күні Мария Шостак атты Киев тұрғынының толғағы басталады. Сол кезде оны басқа әйелдермен бірге жертөлеге ауыстырған. Марияның айтуынша, ол жер екіқабат әйелдерге арнап жабдықталмаған, бұған дейін жай бөлме ретінде пайдаланылған екен.

«Кейін басқа жерге ауысуымызды сұрады. Ол жер жарық, бірақ салқын еді. Бізге баспалдақпен түсіп-көтерілу қиын болғандықтан, осында қалуға рұқсат берді. Сол себепті көбіне орындықта отырдық, уақытымыз сол жерде өтіп жатты. Арқамыз ауырды», – деді Мария Шостак.

Сонымен қатар ол жертөледе әйелді босандырып алу үшін жағдай жасала бастағанын айтты. Төсеніш, жамылғыш, жастық әкелінген. Кейін Марияны басқа перзентханаға ауыстырған. «Толғағым келгенде, сол жерде туатын бе едім» деді ол. Кеін Мария ота арқылы босанады.

Ал Киевтегі 26-28 ақпан аралығында енгізілген коменданттық сағат кезінде Светлана Лукаш атты тұрғынның толғағы келеді.

«Ауруханаға келген кезде дабыл қағылып, бізді жертөлеге алып келді», – деді ол.

Светлананың жағдайы жеңіл болмағандықтан, оны ауруханаға жеткізеді.

«Жертөле босануға арналмаған. Асқыну болған жағдайда ол жерде өмірге сәби әкелу мүмкін емес. Әрине, асқыну болмаса, онда әйелдер жертөледе босана алады», – деді Киев тұрғыны.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61