Өнім

5-сыныпқа арналған жаттығулар: Эссе жазу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаттығу мақсаты: Эссе жазу арқылы оқушылардың еркін ойлауын, сөздік қорын, сөйлемдерді байланыстыру, олардың жүйелеу секілді түрлі жұмыстар бойынша нәтиже көрсетуге болады. Төмендегі тапсырма да осы негізге арналған.

«Жазғы демалысты қалай өткіземін?» деген тақырыпта мекенді атау арқылы, ол жердің ерекше қасиеттері, барған кезде қандай орындарға баратыны туралы деректерді келтіре отырып, эссе жазу.

Мысал:

Мен осы жазда Текеліде демаламын. Текелі қаласында Еуразиядағы ең ұзын көше Дінмұхаммед Қонаев атындағы көше деп аталады. Оның ұзындығы – 33 км. Аталған көше қалаға кіргеннен бастап, соңғы біткенше жалғаса береді. Текелі жеміске толы жер. Жаздың соңы, күздің басында қаланың ішінде өріктер, алма, алмұрт ағаштары піседі. Бұдан бөлек Текеліде «Бұрқан бұлақ» деп аталатын сарқырама бар. Ол жерге барған адамның көзі тоймайды.

Мен жазда осы жақта болып, демалысты таза ауада және тарихы тереңде жатқан мекенде өткіздім келеді.