МӘДЕНИЕТ

Бұл картина білгіштерді тығырыққа тіреді: Не? Қайда? Қашан?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Шайтанның ең күрделі айласы - сізді жоқ нәрсеге сендіру» © Шарль Бодлер.

Қарапайым венгер суретшісі Тивадар Костка Чонтвари 1902 жылы «Старый рыбак» атты туындысын салады. Картинада теңіздің жанында отырған кәрі шал бейнеленген. Бір қарағанда қарапайым ғана сурет. Алайда олай емес.

Білгіштердің өзі жауабын таба алмаған бұл картинаның қандай құдіреті бар?

Олар қандай сұраққа жауап бермеді?

Дизайнер Андрей Мещерский келесідей сұрақ қояды.

«Кейбір өнертанушылардың айтуынша, бұл картина арқылы суретші әрбір адамның бойында Құдай мен Шайтан өмір сүретінін айтқысы келген. Олар не үшін және қалай бұл тұжырымға келді?»

Потанин командасының мүшелері картинаның мағынасын ашқандай болды. Олардың жауабы: «Пейзаждағы суға байланысты секілді. Сол жағы – тыныш, оң жағы – алай–дүлей». Олардың жауабы дұрыс болмаған соң, ұпай телекөрерменге берілді.

Дұрыс жауабы қандай?

Печ қаласындағы музей қызметкерлерінің бірі картинаға қарап тұрып, оның ерекшелігін тапты. Егер айна алып картинаның ортасына қоятын болсақ, бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі көрініске куә боламыз.

Ортасындағы оригинал картина, сол жағында – Құдай, оң жағында – Шайтан.

Білгіштердің жауабы дұрыс болмағанымен, дұрыс деуге болады. Шынымен де теңіздің сол жақ бөлігі тынық болып тұр, жаныңа жылулық сыйлайды. Ал қарт адам Құдайға ұқсайды. Теңіздің оң жағы алай–дүлей болып жатыр. Сондай–ақ ол жерде бейнеленген адамның да түрі сұсты, жеп қоятын секілді.

Әр адамның иығында екі тіршілік өмір сүреді

Адам өмірге келгеннен бастап оның өмірі ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан құралады. Құдай мен Шайтан...

Кейбір адамдар екеуінің біріне қатты басымдық беріп жібереді. Нәтижесінде алғашқы топтағылар дінге сенетін адам болып қалыптасады. Дінге берілгені сонша кәдімгі өмірін ұмытып кетеді.  Ал екіншілер шайтанның арбауына еріп, зұлымдыққа бет бұрады.

Ал ақиқат қайсы? Ең бастысы, олармен қарсыласпау керек, екеуінің сізге пайдалы әрі ыңғайлы ортасын табу маңызды.