Саясат
Маңызды заңдар
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа заңдарға қол қойды.
Ақорда сайтының хабарлауынша, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.