Bugin

Ерекше қабілетіңіз бен өзіңіз туралы шындықты біліңіз: Суреттен бірінші не көрдіңіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оптикалық иллюзияға негізделген сурет адамның ішкі әлеміне үңілуге, шын мәнінде кім екенін тануға көмектеседі. Суреттен не көрдіңіз?

Жылқы

Бұл жануар адамның күшін, махаббатын және әрекет етуге деген құлшынысын бейнелейді. Осы қасиеттердің арқасында аңсаған арманыңыз бен алға қойған мақсатыңызға жете аласыз. Ішкі әлеміңіз бен қоғамдағы орныңыз, мінез-құлқыңыздың арасында тепе-теңдік ұстайсыз. Сіздегі қуаттың қандай күшті екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Қораз

Өте сергек жүретін, белсенді әрі өзіңізді жақсы көретін жансыз. Өзіңіздің бағаңыз бен артықшылықтарыңызды білесіз. Қоғамның сіз туралы пікіріне ешқашан алаңдамайсыз. Сіздің бойыңызда жауапкершілік, сенімділік, шыншылдық, мейірімділік қасиеттері бар. Сонымен қатар өзіңізбен жұмыс істегенді жақсы көресіз.

Краб

Сіз үшін ақиқаттың мағынасы бөлек. Мақсатыңа жету жолында тоқтамай әрекет ету, шаршасаң да тоқтамау сіз үшін міндетті емес. Сіздің пікіріңізше, кейде бір сәтке тоқтап, сол кездегі жағдайға анализ жасау маңызды. Сондай-ақ жаңаша бағыттарды сынап көруге ұмтыласыз. Сіз жай өсесіз, баяу дамисыз. Алайда тұрақтылық - сіздің басты қаруыңыз. Егер суреттен крабты көрген болсаңыз, сіз сабырлы адамсыз. Сізге бір нәрсені зерттеген, ойлап тапқан және анализ жасаған ұнайды.

Дәуіт

Сіз тыныштықта өмір сүргенді қалайтын жансыз. Сыртқы әлемдегі тұрақсыздық, шу сізді қысып жібереді. Ондай жерден қашып, медитация жасауды ойлап отырасыз. Өзіңіз қалағандай өмірді жасау сіздің қолыңыздан келеді. Оған жеткізетін мотивация да, күш те бір бойыңыздан табылады. Күтпеген жерден орын алатын өзгерісті қаламайсыз.

Қасқыр

Сіз ортаның, көпшіліктің адамысыз, алайда кейде табиғаттың тылсым күші сізді өзіне тартады. Ақылды, тұрақты жансыз, бірақ осы сәтте қатал болып кетуіңіз де мүмкін. Айналаңызды жақсы адамдармен қоршап алғансыз. Өзіңіз жақсы көретін адамдарға, жақын достарыңыз бен туысқандарыңызға тәуелдісіз десек те болады.

Ит

Басқаларға тәуелді жансыз, кейде өзіңізге мейірімділік танытуды ұмытып кетесіз. Өзіңіздің бағаңызды білмейсіз, қызығушылықтарыңызға назар аудармайсыз. Жүрегіңізде басқаларға орын бар, айналаңыздағы адамдарды жақсы көресіз, алайда өзіңізді емес. Өзіңіз бағалайтын адамдарға қамқорлық көрсету – миссиям деп есептейсіз. Алайда бұл қасиетіңізді манипуляторлар өз пайдасына қолдануы мүмкін.

Бүркіт

Ішіңіздегі өзіңіздің қалауын орындаңыз, оның үніне құлақ түріңіз. Мақсатыңызға жету үшін сол ғана көмектесе алады. Есіңізде болсын, ішкі әлеміңізбен үйлесім тапқан кезде сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Жетістікке жету, арманыңызды орындау сіздің қолыңыздан келеді.

Көбелек

Өзгерістен қорықпайсыз. Онсыз өміріңіздің қызықсыз әрі мәнсіз болатынын түсінесіз. Кез келген ситуацияны жеңіл қабылдай аласыз. Мәселені шешкен кезде сабырлы күйде боласыз, сізді ашуландыру оңай емес. Позитивті, белсенді, саяхат жасағанды ұнататын адамсыз. Сіздің көңіл-күйіңіздің түскенін, депрессияда жүргеніңізді елестету қиын.

Көгершін

Қалағаныңызға жету үшін оған жеткізетін сыртқы күшке арқа сүйеуге болатынын түсінесіз. Сонымен қатар алға қадам басуға жүрексінбейсіз. Мейірімді әрі жомарт жансыз. Басқалар сіздің басыңызға шығып кетпеу үшін ойланып әрекет етіңіз.