Қоғам

Сапардағы қазақтың 35 кәсіпкері: Өзбекстанды «шулатқандар»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың 35 кәсіпкері Өзбекстанмен тығыз байланыс орнатып қайтты әрі Өзбекстанның Қазақ елінің нарығына кіргісі келетіндерін жеткізді. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.

«Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден» деген қазақтың аталы сөзін биік көтерген қазақтың 35 кәсіпкері көрші Өзбекстанда бизнес сапармен жүр. Бұл кәсіпкерлердің бәрі BePRO Business Club деп аталатын клубтың мүшелері. Шетінен сен тұр, мен атайын деген кәсіпкерлердің көшін бастаған Еркебұлан Мәкенов есімді қазақтың жас жігіті Өзбекстандағы ұлттық арналарының біріне қазақ тілінде сұхбат беріп, екі жақтың дос әрі бауыр екенін атап өткен.

Қазақстаннан барған BePRO Business Club кәсіпкерлері Ташкент, Жиззақ, Самарқанд, Ферғана, Наманган, Андижан, Қохан қалаларының өндіріс орындарын аралап, негізін қалаған кәсіпкерлермен танысып тығыз байланыс орнатқан.

Өзбекстанның кәсіпкерлер палатасымен кездесуден басталған іс-шара облыстың ірі өндіріс орындарын аралаумен жалғасын тапқан.

Бизнес тур барысында Artel өндіріс базасын, әйнек шығаратын өндірісті, автобөлшектер өндірісін, тігін фабрикасы мен аяқ киім өндірісін, пластик заттар мен шуруп өндірістерін ішінен көріп, танысқан.

Шара барысында өзбекстандық делегацияны бастаған А.Рахмонқұлов  BePRO Management холдигінің басшысы Еркебұлан Мәкеновке ұлттық шапандарын жауып, қонақ кәде ұсынған.

Екі ел арасындағы сапарда жүрген 35 кәсіпкер қазақ пен өзбек арасындағы кәсіпті дамыту бойынша бірнеше келісімдерге келіп, жақсы нәтижеге қол жеткізе алған. Екі жақ әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызды деген, екі ел үшін де пайдасын тигізетін жобаларды жүзеге асыруда нақты бітімге келген.