Bugin

Қазақстанның имиджін қалыптастырудағы БАҚ рөлі

Қaй кeздe дe бoлмасын қoғaмдық сананы қaлыптaстырып, көп жағдайда қоғамның шешім қабылдауында, пікір қалыптастыруында БАҚ-тың алатын орны ерекше. Бұқаралық ақпарат құралдары – елде, сондай-ақ әлемде болып жатқан оқиғалардың айнасы.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыртқы саяси насихатта мемлекет, оның мәдениеті, саяси жағдайы, ғылыми жетістіктері туралы шетелдік аудиторияға, саяси, ғылыми және іскер топтарға нанымды ақпарат тарату және мемлекеттің ұлттық мүдделерін әрқашан бірінші орынға қою орынды. Сонда бұл елдің оң имиджін қалыптастыратын мақсатты ақпараттық қуыс болмақ.

Шетелдік БАҚ-тың Қазақстандағы  әрбір өзгерістерді жіті қадағалап, бей-жай қарамауын БАҚ-тағы саяси үрдіс деп бағалау керек. Осы жөнінде Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы кеңейтілген отырысында айтып өткен: «Қазақстан дипломатиясының күнделікті жұмысы қоғам қайраткерлерімен, шетелдік ресми тұлғалармен,журналистермен,кәсіпкерлермен кездесулермен тығыз байланысты болуы керек.Елімізде аккредиттелген халықаралық ұйымдармен жұмыс істей отырып, осыны жасауымыз керек. Бүгінде шетелдік БАҚ кездейсоқ ақпарат көздерінен бұрмаланған ақпарат алуда. Тиісінше, мұндай ақпарат шетелдік аудиторияға да таралатын болады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық корпусының басты міндеті – дүниежүзілік ұйымдардың кез келген бағдарламалары мен жобаларының Қазақстанға барынша пайдалы болуын қамтамасыз ету»

 

Еліміздің дүниежүзілік беделін шетелдік БАҚ арқылы анықтап, талдау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі жауапкершіліктер алға қойылды: 

 

• Әлемдік БАҚ-тың жаңалық,ақпарат таратуерекшелігін зерттеу;

• Дүниежүзілік БАҚ-тағы Қазақстанның образынанықтау;

• Елдің беделін қалыптастырудағы әлемдік тәжірибелерді зерттеу;

• Шетелдік үздік сайттар, ақпараттық басылымдарды талдау;

• Өзекті тақырыптар негізінде сараптама, анализжүргізу.