Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАуғанстан – ислам дінін ұстанатын мемлекет. Көп уақыт бойы әлемдегі аса діншіл ел аталып келді. Ол жерде ерлер мен әйелдердің шектеулері бар. Алайда дін мен салт-дәстүрдің астарында ауған үкіметінің біразға дейін бөліскісі келмеген құпиялары да жатыр. Бача-бази деген кім?
Бача-бази
БҰҰ-ның зерттеуі бойынша Ауғанстан – қыздар үшін ең нашар мемлекет. Ол жерде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері жоқ: олар білім алмайды, хоббилерімен айналыспайды, жұмыс істемейді және еріне қарайлап өмір сүреді. Қыз болу – ұят, ал қыз босану – одан да ұят. Алайда Ауғанстанда гендерлік инверсияға ұшырайтын әйелдер ғана емес. Оларда кейбір жігіттерді бача-бази (аудармасы: «ұлдармен ойнау») деп атайды.
Көбіне кедей отбасыдан шыққан ер балалар бача-бази атанады. Оларды ата-аналары сатып жібереді немесе көшеден ұрлап әкеледі. Қарақшылар 10-11 жастағы тартымды балаларды көлікке салып алып, белгісіз мекенге алып кетеді, айтқанын тыңдамағандарды «өлтіреміз» деп қорқытады.
Одан кейін жігіттерге әйелдер билейтін дәстүрлі би мен ән салуды үйретеді. Үстіне көйлек немесе белдемше кигізіп, бояндырады, тіпті, кейде өтірік кеуде салып қояды.
Олар көбіне мерекелік кештерде өнер көрсетеді. Сол жерде тұтынушысын да тауып жатады. Бача-базидің биі ер адамдарға ұнайды, онымен бір түн бірге болу үшін қонақтардың кейбірі жігіттің иесіне құнын төлеп жатады. Кейде бача-бази үшін адамдар таласып қалады, соңы өліммен де аяқталуы мүмкін.
Бача-базиден кейінгі өмір
Бача-базидің бұл кәсіптегі өмірі қысқа. Өйткені 18-19 жастағы жігіттер тұтынушыларын аса қызықтырмайды. Сол себепті иелері оларды еркіне жібереді. Олар тұтынушылардың айтқандарын орындап, барынша өздеріне назар аудартуға тырысады. Өйткені кейде тұтынушылар бача-базиге болашақта көмектесуі мүмкін. Алайда ер адамдардың көңілін көтерумен ғана айналысқан жігіттер қарапайым өмір сүруін жалғастырып жатады. Көбіне олар осы бизнесте қалады. Бірі – өзінің бача-бази орталығын ашса, енді бірі – жігіттерге билеу мен ән айтуды үйретеді.
«Әйелдер – бала туу үшін, ұлдар – көңіл көтеру үшін»
Неліктен тартымды қыздардың биі емес, «би билейтін ұлдар» ауған ерлері арасында соншалықты танымалдылыққа ие? Ауғанстанда әйелдерге көпшілік ортада билеуге тыйым салынған. Ал ер адам қызға үйленуге ұсыныс жасамайынша, онымен сөйлесе алмайды. Иә, мұнда қыздың ар-намысын, беделін түсіруге мүмкіндік жоқ. Өйткені ол болашақ ұрпақты өмірге әкеледі емес пе?! Сол себепті Ауғанстанда «әйелдер – бала туу үшін, ал ұлдар – көңіл көтеру үшін» деген мәтел кеңінен тарап кеткен.
Ислам дінін ұстанатын елдегі гомосексуалды қатынастың айыпталмағаны таң қалдырады. Сонымен қатар ауғандар бача-базимен қатынасты гомосексуалды деп атамайды. Өйткені ер адам ол жігітті жақсы көрмейді.
Мәдениет саласындағы бача-бази
Василий Верещагин атты орыс суретшісі XIX ғасырдың 60 жылдарында бача-базиді бейнелеген екі картина салады. «Бача және оның жанкүйерлері» картинасының шынайы шыққаны соншалықты, ол жазаға тартылады. Суретші өзінің картинасын өртеуге мәжбүр болады.
Ауған үкіметі бача-базиге рұқсат бермейді, алайда тыйым да салмайды. Өйткені көптеген шенеуніктер ерлер проституциясын жақтап отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61