Bugin

1070 жылға сотталған маньяк: «Мен адамдарға зат ретінде қарадым»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біреу менен бұл қылмысты не үшін жасадың деп сұраса басқа біреу жауап берсе дұрыс болар еді. Себебі, бұл әрекетіме менде берер жақсы жауап жоқ. 

(с) Джеффри Даммер

Бұл адам жәй ғана қылмыскер емес. Ол белгілі сериялық өлтірушілер арасында аты аңызға айнылған аса қатігез кісі өлтіруші.   

Джеффри Даммер 

«Құбыжық» лақап атымен танылған Джеффри Дамер 1960 жылы 20 мамырда Милуоки қаласында (АҚШ, Висконсин штаты) дүниеге келген. Оның әкесі профессор Лионель Дамер және анасы Джойс Даммер үй шаруасындағы әйел болды. Әкесі ұлын бағып-қағып, жақсы білім беруге тырысты, ал анасы өте салмақты, бірақ ара-тұра психиатриялық емханаларда емделетін болған. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар ажырасып, Джеффри мен оның ағасы әкесінің қасында қалды. 

Мектепте баланың білімге деген ынтасы өте жақсы болды. Тіпті шығармашылықпен айналысты: мектеп оркестрінде ойнады, теннис хоббиіне айналып, мектеп газетіне мақалалар жазып тұрды. Осылайша Джеффри Даммер мектеп бітіргеннен кейін университетке түсті. Бірақ алкогольге тәуелділігі үшін оқудан шығарылды. 1979 жылы Джеффри келісім-шарт бойынша сарбазға аттанды. Кейіннен тәртіп сақшысы ретінде Германиядағы әскери базаға қызмет етуге кетті. Бірақ 1981 жылы тағы да алкогольді ішімдік салдарынан жұмыстан шығарылды. Осы оқиғадан кейін Дамер Америкаға оралды. Огайо мен Майамиде біраз уақыт тұрған соң, 1985 жылы жергілікті кәмпит фабрикасына жұмысқа орналасты. 1987 жылы ол Милуокидегі әжесінің үйінен көшіп кетті. 

Жаман тенденциялардың дамуы және айуандықпен өлтіру циклі:

Кішкентай күнінде ата-анасы баланың бойынан ерсі қылықтар байқағанымен, оған аса мән бере қоймады. Әйтпесе, жасөспірім баланың  жануарлардың мәйіттерін кесіп, оның етін сақтауға құмарлығы жақсы әдет емес екені анық еді. 

Сондай-ақ, Джеффри Дамерде ерте гомосексуалдық бейімділік пайда болды. Оның тұтқынына түскен марқұмдардың жас аралығы 14 пен 30 жасты құрады. Джеффри Даммер өзінің алғашқы қылмысын 18 жасында жасады. Ол кезде ол 17 жасар баланы ата-анасының үйіне әкеліп, оны гомосексуалдық байланысқа және есірткі тұтынуға итермелейді. Содан кейін ол өлтіріп, мәйітті бөлшектеп, үй аймағына жерледі.  

Ол екінші қылмысын арадан 10 жылға уақыт өткеннен кейін - 1987 жылы жасады. Бол жолы сүйіктісі құрбан болды. Дамерге ес-түссіз жатқан құрбандарды өлтіру жаздық етті. Тіпті ол тірі адамдардың бас сүйектерін бұрғылау және оларға қышқыл құю арқылы азаптады.  

Маньяк құрбандарының денесін кесіп кейбір бөліктерін тоңазытқышта сақтады. Бас сүйектерді кәдесый ретінде бояп, денелердің жеке бөліктерін қышқыл бөшкелерде ерітті. Ол 1991 жылдың шілдесінде  ұсталды. Оны тұтқынына түскен Трейси Эдвардс есімді адам ұстап берді. Жәбірленуші Дахмердің үйінен қолына кісен салынған күйі қашып құтылып, полицияға жүгінген. Полицейлер пәтерге кіріп, онда сақталған бөлшектелген денелерді көргенде таңданыстарын жасыра алмаған, тіпті қатты шошынған деседі.  

Мың жылдық жаза және тәубеге келу: 

Джеффри Дамерге қарсы тергеу 1991 жылдың шілдесінде - қылмыстың айқын дәлелдері бар үйде ұсталған соң басталды. Жалпы, қылмыскердің тірі қалған тұтқындары Эдвардс пен зорланған Анукон Синтасомфонды есептемегенде 17 құрбаны болды. Сонымен бірге, Дахмер бұл қылмыстардың барлығын мойындап, өз әрекеттерінің азапты тұстарын да сипаттады. Сот процесі кезінде Джеффри қорқынышты әрекеттерінің барлығын құмарта отырып жасағанын мойындады. Ол өз кінәсін түсініп, жаза тағайындауға келісті.

Сонымен қатар, ол дін жолына түсіп, христиан ретінде шомылдыру рәсімінен өтті. Ол бұл әрекеттерінің бәрін ішіне кірген жын жасауға мәжбүрлегенін айтты. Джеффри Даммердің ата-анасы жалдаған адвокаттар оны әлі де ес-түссіз, яғни ол өзінің жасаған әрекетінен бейхабар деп жариялауды талап етті. Осылайша сот пен Дамердің психикасын талдаған сарапшылар оның психикалық ауытқулары (некрофильді қоса алғанда) болса да, есі дұрыс деп таныды. Барлық қылмыстарының саны мен қатыгездігін ескере отырып, сот 1070 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Осылайша атышулы маньяк өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Джеффри Дамер үкімге қарсылық білдірмеді. Керісінше өлім жазасына кесуді сұрады. 

Қатаң режим: түрмедегі азапты өлім:

Джеффри Дамер сот отырысынан кейін бірден аса қауіпті, ауыр қылмыс жасағандарға арналған изоляторға орналастырылды. Мұндай жағдайда ол басқа тұтқындармен байланыса алмады. Бірақ кейін ол үшін режим жеңілдеді және ол изолятордан басқа түрме үй-жайларына ауысты.  

1994 жылы 28 қарашада Даммер және тағы екі сотталушы Кристофер Скарвер мен Джесс Андерсон бақылаусыз душ бөлмесін тазалап жүрді. Сонда кенет тонау үшін кісі өлтіргені үшін түрмеде отырған Скарвер тазалауға берілген темір швабра сабының көмегімен тағы екі тұтқынның басынан қатты соққылар жасайды. Олар тіпті қарсы тұруға да үлгермеді: Джеффри Даммер бас сүйегінің жарақатынан бірден қайтыс болды, ал Андерсон ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. 

Маньяк Джеффри Дамердің денесі қайтыс болғаннан кейін сирек кездесетін психикалық патологиясы бар адамның миын зерттегісі келген ғалымдардың қолына тапсырылды. Бірақ марқұмның ата-анасы бұған келіспеді. Нәтижесінде мәйіт сот процесі жүріп жатқан кезде жарты жыл бойы мәйітханада сақталды. Сот ата-ананың денеге деген құқықтарын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады және кремация орын алды. Күл екі урнаға бөлініп, анасы мен әкесіне тапсырылды.   

Джеффри Дамерге тиесілі мүлік ол өлтірген адамдардың туыстары арасында бөліске түсті. 11 адам мүлікке қарсы сотқа шағым түсірген. Барлық дерлік кісі өлтірулер орын алған Милуокидегі маньяктың үйі 1993 жылы Дамердің көзі тірісінде қиратылды. Бірақ екі жылдан кейін, 1996 жылы атақты өлтірушінің кейбір заттарын, соның ішінде кісі өлтіру қаруын, азаптау құралдарын және денелерге арналған тоңазытқышты аукционға қоюға шешім қабылдағандар болды. Алайда бұл халықтың наразылығын тудырып, аталған заттарды бастамашыл топ аукционсыз сатып алып, өртеп жіберген. 

Джеффри Дамердің өміріне негізделген екі кітап жазылды және үш өмірбаяндық фильм түсірілді. Танымал маньяктың өмірбаяны көптеген триллер мен қорқынышты туындылардың шығуына себепкер болды. Джеффри Дамердің өміржолы көптеген жазушыларды шабыттандырды деп айтуға негіз бар.