Bugin

Ресей құлаудың алдында тұр – Халықаралық агенттік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің мықты байлары елден қашып жатыр. Дәулеті 1 млн доллардан асатын 15 мыңнан аса бай жыл соңына дейін Ресейден қашып кетуі мүмкін. Осылай деп дерек келтіреді әлемдік экономикалық миграцияға талдау жүргізген Henley&Partners сараптама агенттігі.

«Ресей миллионерлерінен айырылып жатыр. Ресейден кетіп жатқан бақуатты адамдардың саны жыл санап өсіп барады. Елдің жағдайы қиын екенін содан-ақ білуге болады. Бай, бақуатты адамдардың елден кетуі – мемлекеттің құлағалы тұрғанын білдіреді», - дейді агенттік сарапшысы Эндрю Амойлс.

Орыс байларының көбі қазір Ұлыбритания мен АҚШ-қа көшіп жатқан көрінеді. Бұл елде мал-мүлік заңдық әрі құқықтық, этикалық жақтан қорғау оңай. Ал әлем байларын байлап алып отырған ең үлкен ел – бұл Біріккен Араб Әмірлігі екен. Мұнда эмиграция жақсы қорғалған.

Ресей байларының бір бөлігі Аустралия, Сингапур, Израиль мен Мальта, Монако и Маврикийға кетіп жатыр.

Ал Украинаның осы жылы 2800 миллионері шетел аспақ. Яғни,  бұл – Украинадағы миллионерлердің 42 пайызы.