Өнім

6-сыныпқа арналған жаттығулар: Өмірбаян жазу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Мен жастарға сенемін», деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып, оның қандай адам болғаны туралы, педагогика саласына сіңірген еңбектері бойынша талдау жасап, ақын туралы шағын өмірбаян жазу.

Мағжан Жұмабаевқа қатысты дерек мәтін үлгісі:

Бұл Мағжанның Мәскеуден елге келген кезі болса керек. Ақынның өлеңдеріндегі ұлтшыл, түрікшіл сарынды «әшкерелеп» және өзін таптық тұрғыдан жат көрген әсіре белсенділер оны түртпектеп, Мәскеуден тайдырып жібергені осы тұс. Сондықтан ол туған жеріне оралған.

Осы анкетада Мағжан Омбыдағы мұғалімдер семинариясын 1917 жылы бітіргенін және оны аяқтаған соң 1917 - 1918 жылдары сондағы Мұғалімдер институтында бір жыл оқығанын көрсетіпті. Бұл деректі көптеген мағжантанушылар біле бермейді. Мағжан педтехникумға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруге тұрған, ал негізгі жұмыс орны деген жерге осындағы советтік партия мектебін көрсеткен екен. Демек, Мағжан Сәкеннің Гүлбаһрамы оқыған «Совпарт школда» да сабақ берген.

Анкетаның өзі 1927 жылғы он екінші желтоқсанда толтырылған. Осылай, өз архивімізден Мағжанның өз қолымен толтырған баға жетпес құнды құжатты таптық.