Өнім

6-сыныпқа арналған жаттығулар: Эссе жазу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Берілген мәтін бойынша түсінген ойды жинақтап, эссе жазу. Эссе жазу кезінде мән беретін маңызды нәрсе: абзац бойынша дұрыс бөле отырып, стилдік ерекшелігін сақтай отырып эссені жазу.

XX ғасырдың басында өмір кешкен ағартушы-демократ, аса көрнекті ақын, жазушы, публицист Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қалдырған әдеби мұрасы қомақты да, құнды. Ол қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, жалғастырушы суреткер. Сұлтанмахмұт шығармаларында өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркемдік қолтаңбасын, қоғам мен алам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін көркем шығармаларына арқау етті. Ақын туындыларының танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мәні ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің рухани қазынасына айналды.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1893 жылдың 28 қазанында КӨКШЕТАУ облысының Қызылту ауданында туылған. Сұлтанмахмұттың өз әкесінің аты Шоқпыт (шын аты Әбубәкір), Сұлтанмахмұт фамилияны төртінші атасы Торайғырдан алған. Торайғыр - заманында батырлығымен де, әділдігімен де аты елге танылған би болған. Әкесі Шоқпыт өз еңбегімен күн көрген кедей шаруа. Шоқпыт (Әбубәкір) 1896-1897- жылдар шамасында ата қонысы Баянауылға көшіп келіп, Торайғыр көлінің жақын жеріне орналасады. Сұлтанмахмұт алғашында әкесінен ескіше аз-кем сауатын ашып, хат танып, сонан кейін он үш жасында түрлі молдалардан дәріс алады. Сол кезде өлең жаза бастайды.