Bugin

Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Суреттен бірінші нені байқағаныңызға қарап, ішкі әлеміңізге үңіліңіз. Нені көрдіңіз?

Тау

Өзіңізді басқара алатын адамсыз. Сіз ақылдысыз, әрдайым өз идеяңыз бен ойыңызды басшылыққа аласыз. Санаңыздағы ойларыңыз – өмірдегі ең үлкен мотиваторыңыз. Жұмысыңызды өміріңіздегі барлық нәрседен жоғары қоятын қасиетіңіз бар. Кейде сізге қиын істерге назар аударуды және болашақ туралы ойлауды қойып, жай ғана демалу керек.

Тауларды бірінші болып көргеніңіз, әрдайым алда тұрған міндеттерге қарай жүретініңізді білдіреді. Мансап пен кәсіп – өміріңіздегі басты құндылықтар болғанымен, уақытында демалуды үйренбесеңіз, бақытты бола алмайсыз.

Аю

Бұл жануар – қатыгездік пен құмарлықтың символы. Егер сіз аюды байқаған болсаңыз, құмарлыққа берілген адамсыз.

Ішкі жан-дүниеңізде қатігездік пен агрессивті көзқарас басым. Алайда өзіңіз жақсы көретін адамдарыңызды қорғау жолында бар күшіңізді саласыз. Сізді балаларын қорғайтын аюмен салыстыруға болады.

Ағаш

Сіз көпшілікті, басқа адамдармен сөйлескенді және өзіңізді басқалардың мұқият тыңдағанын жақсы көресіз. Ағаштар әлеуметтік белсенді болуды және басқалармен байланысуға деген ұмтылысты білдіреді. Адамдармен сөйлескен, қоғаммен байланыс орнатқанға қызығасыз.

Кез келген ортада өзіңізде бақытты сезінесіз. Адамдармен сөйлесу сізді шабыттандырады. Сонымен қатар әрқашан жаңа таныстыққа дайын адамсыз.

Ай

Армандарыңыз алға жетелейді. Ылғи армандарыңыз бен болашаққа деген ұмтылыстарыңызды басшылыққа аласыз. Болашақ туралы ойларыңыз санаңызды жаулап алады. Ал кейде сол ойлар жай ғана арман болып шығады. Сіз күні бойы армандай алатын адамсыз.

Кейде армандарыңыздан сәл алшақтап кетесіз. Алайда бір күні барлық тілектеріңіз бен армандарыңыздың орындалатынына сенесіз.