Bugin
Бұл сурет алғаш рет 1948 жылы 5 тамызда Ind Valparaiso Vidette-Messenger американдық басылымында пайда болды. Фотосуретте «Төрт бала сатылады» деген жазудың жанындағы баспалдақта отырған төрт сәби мен артында камерадан жасырынып тұрған жүкті анасы бейнеленген. Хабарландыруды көрген оқырмандар оны жәй ғана кезекті қойылым деп шешкен еді. Алайда, шындық болжамдардан әлдеқайда нашар болып шықты. Бұл балалар мен олардың әлі дүние есігін ашпаған інілері шын мәнінде сатылды.
Америкалық дағдарыс
2015 жылы АҚШ-та 1940-1950 жылдары өз елдерімен бірге дағдарысты бастан өткерген отбасыларға қатысты мақалалардың тұтас сериясы жарияланды. Сол мақалалардың ішінде, ең қорқынышты әрі аянышты оқиға сатылымға қойылған 5 баланың тағдыры еді. Чикагодағы аулалардың біріндегі баспалдақта отырған төрт баланы көрген журналист оларды суретке түсіріп алған. Ал олардың алдында картонда «5 бала сатылады» деген жазуы бар хабарландыру плакаты бар еді.
The Times of Northwest Indiana басылымында жарияланған мақаланың авторы Ванесса Рендерман. Бұл суреттің артында бес бүлдіршіннің трагедиясы жасырылған. 1948 жылы жарияланған фотоның астындағы ақпарат сәбилердің ата-анасы Рэй мен Люсиль Чалифуктердің қаржылық қиындықтарды көтере алмай, өз балаларын сатуға шешім қабылдағаны айтылған.
Көмір таситын жүргізуші болып қызмет еткен отағасы фото пайда болғанға дейін бірнеше ай бұрын жұмыссыз қалған. Оның әйелі Люсильдің жұмыс істеуге мүлде мүмкіндігі болмады, өйткені ол жүрегінің астында бесінші сәбиін көтеріп жүр еді. Отбасын өздері тұрып жатқан жалдамалы пәтердің иесі ақшасын төлемегені үшін шығарып жібереміз деп қорқытқан. Сондықтан ерлі-зайыптылар өз мәселелерін осындай жолмен шешуге мәжбүр болады. Осылайша алты жасар Лана, бес жасар Рэй Анна, олардың ағасы Милтон және екі жасар Сью тірі тауарға айналды.
Бәлкім, анасы балаларын аштан өліп қалмас үшін сатпақшы болған шығар? Мүмкін бай адамдар сатып алса, олар бақытты, әрі тоқ болады деп ойланды ма екен? Слнда да бұл оқиғаның соңы тым аянышты аяқталды.
Айтпақшы, сол ескі әңгімені зерттеп жүрген журналистер, ақ көңіл оқырмандардың үмітсіз жағдайда қалған отбасына көмектесе бастағанын анықтады. Кейбір қамқор азаматтар баспана берсе, басқалары егер балалары ата-аналарында қалса, барлық төлемдерін төлеуге дайын болды. Ерлі-зайыптылардың бұл көмекті қалай қабылдағаны белгісіз. Кейбір дереккөздер Рэй мен Люсиль оны қабылдаудан бас тартты деп мәлімдейді. Басқалары бұл көмек балаларды да, Люсиль мен Рэйдің отбасылық одағын да құтқара алмады дейді.
Жарияланғаннан кейін екі жыл өткен соң, фотосуреттегі төрт сәби мен дүниеге келген інісі Бедфорд сатылып кетті. Люсиль басқа адамға тұрмысқа шықты. Алайда, ол бұл некесінде бақытты өмір сүре алмады. Себебі, тұрмысқа шыққан адамының бұрынғы әйелі мен балаларының түсірген ауыртпалығы арта түсті.
Рэй Анна және Милтон
Бес бүлдіршіннің тағдыры мүлде шиеленісіп кетті. Джон мен Рут Зоетман 1950 жылы тамызда Люсильден Рэй Аннаны екі долларға сатып алды. Бұл кезде оның інісі Милтон жақын жерде болды және әпкесімен қоштасқысы келмей қатты жылады. «Сатып алушылар» оны тегін алды. Балалар өз анасынан мәңгіге кетті. Тіпті, олардың жаңа өмірі Зоетман отбасында болған алғашқы күннен бастап қапасқа айналды.
Жеті жасар қыз бен оның алты жасар ағасы құлдыққа түсті. Бұл туралы Зоетман отбасы балаларға келген күні айтып, ескертеді. Балалар бұл сөзді түсінбегендіктен қорқуды да ойламады. Бірақ олар құлдық өмірмен тезірек танысуға мәжбүр болды. Балалар таңнан кешке дейін далада жұмыс істеді. Мойынсұнбаудың, тентектіктің алдын алу үшін жаңа «әкелері» Рэй Анна мен Милтонды қораға байлады және жазалаудың физикалық әдістерін қолданды. Милтон неге жазаланып жатқанын сұрағанда, Зоетман мырза «бағынбаушылықтың алдын алу үшін» деп жауап берді. Ерлі-зайыптылар балаларға Беверли және Кеннет деген жаңа есім берді.
Рэй Анна 17 жасында жақын қарым-қатынаста болуға мәжбүрлегеннен кейін босатылған. Осыдан кейін Зоетмандар Рэй Аннаны қиын жағдайдағы әйелдерге арналған баспанаға жіберді. Ол онда қызын дүниеге әкелді. Бірақ сәби оған берілмеді. Ал жас ананың өзі патронаттық фермаға оралуға мәжбүр болды.
Милтон өмір бойы «әкесінің» қорлығы мен соққысынан зардап шекті. Баланы егеуқұйрықтар көп қорада тепкілеп, кейін шынжырмен байлап, жаңғақ майы мен сүтімен тамақтандырған. Бір күні Милтон Джон Зоетманды соққыға жығуға шешім қабылдайды. Ол кезде бала 17 жаста еді. Осы оқиғадан кейін Милтон түрмеге қамалды. Бірақ сараптамадан кейін оған шизофрения диагнозы қойылып, психиатриялық клиникаға емделуге жіберілді.
Емдеу курсынан өткеннен кейін Милтон фермаға оралмады. Үш жылдан кейін ол анасын тауып бір ай бірге өмір сүрді. Ол өзінің жаңа күйеуінен төрт қызды дүниеге әкелгеніне қатты ренжіді. Кейіннен ол Чикагода тұрып, үйленді. Кейін әйелімен Аризонаға көшіп, кейінірек ажырасып, екінші рет отбасын құрды. Бірінші некеден оның ұлы Томас, екіншісінен ұлы және екі қызы бар. Рей кейіннен биологиялық анасымен сөйлесуге мүмкіндік алды. Бірақ алғашқы кездесуден кейін-ақ өз анасымен араласқысы келмейтінін түсінді.
Лана мен Сью
Үлкен қыздың тағдыры белгісіз болып қалды. Оның 1998 жылы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғаны туралы ғана ақпарат бар. Бірақ сатылғаннан кейінгі өмірі туралы ақпарат жоқтың қасы. 2013 жылы Сью, суреттегі ең жас қыз өкпенің қатерлі ісігінен зардап шегіп, қайтыс болды. Рас, кетер алдында Сью өзінің әпкесі Рэй Аннамен танысып үлгерді. Сью сатылымнан кейінгі өмірі туралы көп айтпады, бірақ анасының тозақ отында күйіп кетуін тіледі. Осы сөздеріне қарағанда оның бақытты өмір сүрген сүрмегені екіталай. Рэй Анна мен Сью соңғы рет сөйлесіп, екеуі де тағдырларының бұзылғанына анасын кінәлады.
Бедфорд
Chalifux ерлі-зайыптыларының ең кіші баласы бақытты өмір сүрді. Оны керемет ерлі-зайыптылар, МакДаниэль жұбайлары асырап алды. Сатып алу кезінде бала аянышты көріністе болды. Асырап алған ата-ананың өз балалары болмағандықтан бар мейірімін Бедфордқа төкті. Олар баланы Дэвид деп атады. Жаңа ата-ана оны қатты жақсы көрді, бірақ кейде тым қатал болды, әсіресе әкесі. Бала өскеннен кейін, бұл жағдай баланың қашуына себеп болды.
Дэвид Зоетман ерлі-зайыптыларының фермасының жанында тұрды және оның бауырлары сонда тұратынын біліп, оларға баруды әтедке айналдырды. Рэй Анна мен Милтонды қорада шынжырмен байланған жерінен тауып алды. Дэвид оларды бостандыққа жіберуге тырысқанымен, оларға толықтай көмегін бере алмады. Сатылған бауырларын бір жерге жиюды армандаған осы кенже ұл болды. Бірақ оның арманы орындалмады. Іздеу барысында ол Лананың енді жоқ екенін, ал Сьюдің айықпас дертке шалдыққанын білді.
Дэвид қазіргі уақытта Вашингтонда тұрады және жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол өзінің анасын ешқашан айыптамайды. Себебі, анасы үшін дағдарыстан шығудың жалғыз жолы осы болды деп есептейді. Алайда, тірі қалған Рэй Анна мен Милтон Дэвидтің бұл ойымен келіспейбі. Себебі, екеуі тым көп ауыртпалықты бастан кешірді.