Bugin
Бірінші үй
Сіз өзіңіздің жұмысыңызды шын мәнінде жақсы көресіз. Сізде көптеген жоспарлар мен идеялар бар. Сіз дәл қазір осы үйді алсам деген жоспар құрып жүрсіз. Жұмысқа бар ынтаңызбен кіріскеніңіз жөн. Осы бетіңізден тайынбаңыз. Алдағы уақытта, міндетті түрде осы үйге қол жеткізеріңіз сөзсіз. Айтпақша, арасында демалуға уақыт табуға тырысыңыз.
Екінші үй
Сіз шығармашылық адамысыз. Барлық жобалар мен сұрақтарға басқаларға таңқаларлық болып көрінетін ерекше шешімдер табасыз. Сіз өте зерексіз. Жақсы жобалар жасап, қомақты қаржы табуға тырыссаңыз бұл үйге міндетті түрде қол жеткізесіз.
Үшінші үй
Сіз үшін жайлы орта маңызды. Сіз айналаңызда жайлы атмосфера құруға тырысасыз. Егер сіз тұрған жерді ұнатпасаңыз, онда басқа жердің атмосферасын көруден де тайынбайсыз. Сіз қаласаңыз осы үйге қол жеткізесіз. Демек, бәрі өз қолыңызда.
Төртінші үй
Сіз үшін ең маңыздысы - сізге жақын адамдардың жағдайы мен көңіл-күйі. Сіз оларға қамқорлық жасайсыз және алаңдайсыз. Кейде сіз өзіңіздің қызығушылықтарыңыз бен басымдықтарыңызды ұмытып кетесіз. Жақындарыңыз үшін бәрін жасайсыз. Олардың жайлылығы үшін осы үйде алуға дайынсыз. Демек, сіз қазір тура жолмен келе жатырсыз. Болашақа осы үйді иеленеріңіз сөзсіз. Ендеше, іске сәт!