Bugin

Топ-5: Қазақстандағы ең қорқынышты маньяктар туралы білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маньяктар мен каннибалдар туралы шетел ақпараттарын оқыған қазақ баласының мұндай құбылыстарды бізге жат деп санайтыны анық. Алайда тарихта маньяктардың әрекет ету оқиғалары көп тіркелген. Олардың көпшілігі қазір түрмеде отыр. Ең танымал және қатыгез қазақстандық маньяктар кімдер?

Николай Джумагалиев

Қазақстандағы ең танымал адам жегіш – Николай Джумагалиев. Оның соңғы құрбаны 2014 жылдың соңында Ақтөбеде 24 жастағы студенттің өлімі әшкере болған кезде ғана табылды. Ал Джумагалиев алғаш рет Ферғана қаласында қой ұрлап жатқан жерінде ұсталды. Бірақ оны  мерзімінен бұрын босатқан.

Ақтөбеге жұмыс істеп, ақша табуға келген ол бір күні кешке пердесі ашық үйдің жанынан өтеді. Сол жерде киімін ауыстырып жатқан қызды көреді. Бір сағаттан кейін қайтып келіп, терезеден үйге кіріп, оның тамағын кесіп, қанын ішіп, басын кесіп тастайды. Кейін белгілі болғандай, оның сүйікті ісі – адамның қанын ішу болған.

Ол он қызды зорлап өлтіріп, құрбандарын жеген екен. Қазір Джумагалиев тірі, алайда Алматы маңындағы Ақтас психиатриялық ауруханасында ем алып жатыр. Оны емдеуші дәрігер маньяктың көкөністер мен жемістерді жақсы көретінін, бос уақытында магнитофондарды жөндейтінін және оны ауруханадан шығаратын ниеттері жоқ екенін айтты.

Сергей Копай, Евгений Турочкин, Михаил Вершинин

Бұл – Қапшағайлық адамжегіштердің үштігі. Бұрынғы полицей Сергей Копай, оның туған ағасы Евгений Турочкин және фельдшер Михаил Вершинин тоғыз әйелді өлтіріп, одан кейін жеп қойған. Үшеуі де жүйке-психиатриялық диспансерде жұмыс істепті. Каннибалдардың құрбандары негізінен жезөкшелер болды. Үшеуі оларды пәтерге әкеліп, арақ пен есірткі ішкізіп, содан кейін зорлап, артынша пышақпен немесе тұншықтырып өлтірген. Олардың етінен тұшпара, котлет, кәуап әзірлеп, қонақ күткен. Сонымен қатар Никольский базарының саудагерлеріне адам етінен жасалған фаршты сататын болған.

Сөйтіп жүргенде олар полицияға ұсталады. Соттың шешімімен үшеуі де сол кездегі ең ауыр жазаға кесіледі. «Қара бүркіт» түрмесіне түскен олар басқа 200-ге жуық адамдар секілді жазасын өтеді. Ол жерде қылмыскерлердің жалғыз өздерін бір камерада ұстайды, адамжегіштер күнделікті 50 грамм ет қана тұтынатын болды.

Шалқарлық төрттік

Шалқардың төрт тұрғыны 2009 жылы бірнеше кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Жігіттер әйелдерді қала сыртына алып шығып, кейін зорлап өлтірген. Оның үстіне, кісі өлтіргендері де әртүрлі болған: бір құрбандарын «Көне Шалқар» көліне батырып өлтірсе, екіншісін өртеп жіберген, ал үшіншісін жерге көміп тастапты.

Қылмыстық топ мүшелері жәбірленушілердің бірімен қала шетінде алкогольдік ішімдік ішкен. Жанжалдан кейін ер адамдар әйелді көлге батырып, кейін денесін қамыстың арасына лақтырып жіберген.

Төрт жігіт те 30-ға толмаған болып шықты. Олардың екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, қалған екеуі 23 және 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Борманның бандасы

Бұл банда қанды қылмыстарымен танымал болды. Кісі өлтірушілер 30-ға жуық әйелді өлтірген. Банда сегіз ер адам мен жеті әйелден құралған. Оларды Борман есімді ұйымдастырушы басқарды.

Бандадағы қыздар жезөкшелерді алдап қала сыртына шығарып, сол жерде ер адамдар оларды зорлап өлтірген. Құрбандардың бірі тұншықтырып өлтірілгенде өлі болып көрініп аман қалған. Ол болған жайтты полицияға мәлімдеген. Сондай-ақ олар тонаумен де айналысқан.

Қылмыстық топ үш оқушы қызды келеке етіп, өлім жазасына кескен болып шықты. 2000 жылы полиция қылмыстық топтың барлық мүшелерін қамауға алды.

Иван Манджиков

1992 жылы бұл маньяк жауыздығымен бүкіл Алматыны шулатты. Ол ҚазМУ-дың студент қыздарын университет аумағында зорлап өлтірген. Барлығы үш студент қызды өлтірді. Оның есебінде нақты қанша құрбан болғаны әзірге белгісіз. Өлімге жетпеген қиянат жағдайлары да болды.

Тергеу кезіндегі қателік болмағанда, маньяк ертерек түрмеге жабылуы мүмкін еді. Манджиков қамауға алынып, алайда сот-медициналық сарапшы Манджиковты үшінші емес, екінші қан тобындағы адам деген қате қорытынды шығарады. Нәтижесінде жігіт бостандыққа шығып, үшінші құрбанын өлтіреді. Ол зорлағаннан кейін қыздың тамағын кесіп тастаған.

Қылмыскерге ең ауыр шара қолданылды. Өлім жазасы 1993 жылы Алматыдағы №1 тергеу абақтысының жертөлесінде орындалды.