Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТюменьдік Есенғали Ибраев Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Newsroom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды.
Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.
«Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады»
Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды дамыту бойынша жаңа жобалар жүзеге асыратындығына сенім білдірді.
«Ресей халықтарының мәдени мұрасын сақтау жылы – бұл өздерінің мәдени бастамаларын, соның ішінде ана тілдерін сақтау мүмкіндігін ұсыну», – деді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61