Bugin

Қаңтар оқиғасы: ыстық үтікпен азапталған Азамат Батырбаев кінәсін мойындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамауға алынған Азамат Батырбаев кінәсін мойындап, тергеумен процестік келісімге келді. Бұл туралы Азаттыққа Азамат Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов айтты, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Азамат Батырбаев процестік келісім жасасып, кінәсін мойындады. Маған өзі айтты. Мен процестік келісімге үзілді-кесілді қарсы болдым», — дейді адвокат.

Процестік келісім бойынша, сот кезінде прокурор Азамат Батырбаевқа шартты жаза сұрауға тиіс.

Айта кетейік, Азамат Батырбаев Талдықорғандағы Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамауға алынған болатын. Жергілікті БАҚ оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін құлатуға қатысты деп хабарлады. Ал қаңтардың соңында әлеуметтік желіде Азамат Батырбаевтың қолы мен денесі көгерген, күйген ізі көрінетін фотосуреті жарияланды.