Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСериялық өлтірушілер туралы әңгімелер өте көп. Ал, Виктория дәуіріне (1837-1901 жж) келгенде Амелия Дайер есімі үнемі айтылады. Бұл әйел ізгі ниетті желеу етіп, бірнеше жүз баланың өмірін қиды. Оның әрекеттері психикалық бұзылыстың айқын дәлелі болды.
Амелия Бристольда көп балалы отбасында дүниеге келген. Бала кезінен тағдырына көптеген сынақтар түсті. Ол өзінен кейінгі төрт іні-қарындасы мен сырқат анасын асырауға мәжбүр болды. Жетілген бойжеткен медбикелік курстарды бітіріп, некесіз балаларды дүниеге әкелген қыздарға көмектесе бастады. Амелия жас қыздардың ұятқа қалмауы үшін, олардың жаңа туған нәрестелерін өзі асырауына алатынын айтып, оларды көндірді.
Амелия Дайердің оқиғасы 2013 жылы Ұлыбританияда өткен жүздеген қылмыстық істер жария болған кезде белгілі болды. Дайер Виктория дәуірінің ең нашар өлтірушілерінің бірі болып шықты. Амелия 1896 жылы өлім жазасына кесілді. Шешім бірден қабылданып, жүзеге асырылды.
Амелияның кәсібі «бала шаруашылығы» деп аталды. Ол некесіз туылған балаларды өз асырауына алу арқылы ақша табатын. Шыны мәненде, ол қолына түскен қорғансыз сәбилерді өлтіріп, мәйіттерді Темза өзеніне лақтырған. Көршілері ештеңеге күмәнданбауы үшін ол басқа жерге көшіп, асыранды балаларды жаңа үйге орналастырып, жергілікті газеттерге хабарландыру шығарды. Қанды өлтірушіге іздеу жариялау балалардың бірінің денесі Рединг қаласының маңындағы өзеннен табылғаннан кейін басталды.
Амелия үйін тінту кезінде қылмысты оның жасағанын көрсететін дәлелдемелер табылды. Сонымен қатар бір баладан да көп құрбан болуы мүмкін екенін анық көрсетті. Үйден балалардың киімдері, ата-анасының бала асырап алуға рұқсат берген хаттары, газеттерде жарияланған хабарландырулар үшін төлем түбіртектері және тағы басқалар табылды. Жолдарды шатастыру үшін Амелия жалған атаулармен жарнамалар орналастырды. Полицейлер әйелдің үйіне келгенде, үйілген балалар жөргектері мен шіріген мәйіттердің иісіне тап болған. Бірден құрбан болған нәрестелердің мәйітін іздеу науқаны басталды. Жағалауда іздеу жұмыстары жүргізілді. Амелия ештеңені жоққа шығармады. Оның құрбандарын мойынға байланған ақ жіптен бірден тануға болатынын айтты. Барлығы 50-ден астам мәйіт табылды. Барлық қылмыстарды Амелия 1860 жылдардың ортасында жасаған, ол кезде ол шамамен 27-28 жаста еді.
Жалпы, «бала шаруашылығы» Ұлыбританияда кең тараған. Мұның көптеген себептері болды: біріншіден, қыздар ұятты болмас үшін, екіншіден, контрацепция әдістері әлі ойлап табылған жоқ, үшіншіден, заң ер адамдарды некесіз балаларын асырауға міндеттемеген.
Тергеулер Дайердің жалған жеке басын көрсетіп, клиенттермен келісім-шарт жасасқанын анықтады. Ол баланың ештеңеге мұқтаж болмайтынына және жақсы жағдайда өмір сүретініне уәде берген. Бірақ нәресте оның қолына түсе салысымен, ол баланы аштықпен шырқыратып, оның артынан шаршап жан тапсырғанын күтетін болған. Амелия балаларға апиын препараттарын беруді әдетке айналдырған. Алғашқы жылдары Амелия Дайер балалардың өлімін заң бойынша тіркеді. Бірақ балалармен жұмыс істеген дәрігер бірдеңеден күдіктене бастайды. Алайда медбике баланы дұрыс күтпегені үшін кінәлі деп танылып, бар болғаны алты айға қамауға алынды. Әйел бостандыққа шыққаннан кейін жұмысын жалғастырып, балаларды өлтірумен айналысқан. Бұл жолы ол сәбилердің өлімі туралы дәрігерлерге хабар бермей, олардың денесін өзенге лақтырып жіберген. Кейбір ата-аналардың өздері балаларын некесіз туылғандықтан өлтіруді сұраған.
Содан Амелия полицияның құлағына жетіп қала ма деп қорқып, аш балалардың мәйітін өз бетінше кәдеге жаратуға кіріседі. Күдік туғызбау үшін ол тұрғылықты жерін жиі ауыстырып, түрлі атпен әрекет еткен. Кейбір деректер Амелияның 300-ден астам баланы өлтіргенін көрсетеді. Амелия 1896 жылы 10 маусымда дарға асылды. Алайда, Амелия Дайердің ісі полицияға түскеннен кейін ғана үкімет «бала шаруашылығымен» айналысатындардың қызметін бақылау үшін шаралар қолдана бастады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61