Bugin
Жазғы демалыс – баланың ұзақ күтетін кезеңі. 9 ай білім алған бала жазғы 3 айды пайдалы әрі тиімді өткізуі керек. Назарларыңызға жазғы демалысты тиімді өткізу жолдарын ұсынамыз.
Фотоальбом арнау
Серуендеген кезде, сапарлатып бір жаққа барғанда айналаңызды фотоға түсіріп жүріңіз. Балаңызға фотограф болуға мүмкіндік беріңіз. Ол әлемге басқаша көзқараспен қарасын. Ал сәтті шыққан фотоларды шығарып, альбомға салып отырыңыз. Фотоның қасына арнайы жапсырмалар жабыстырып, ол жерге алған әсерлеріңіз бен естеліктеріңізді жазыңыздар. Мысалы, хайуанаттар паркіне бардыңыздар делік. Көрген жануарлардың аттарын және олар туралы қызықты фактілерді жазып қойыңыз. Бұның нәтижесінде баланың фантазиясы дамиды.
Коллекция жинау
Үйдің ауласынан көптеген қызықты нәрселер табуға болады. Мысалыға, ол ерекше пішінді тастар, жапырақтар және басқа да табиғи материалдар болуы мүмкін. Оларды жинап, бір жәшікке салып отырыңыз. Балаңызбен бірге табылған тастар мен басқа да заттардың не деп аталатынын анықтап, оларды санаттарға бөліп, жазып қойыңыз.
Эксперимент жасау
Балаңызбен бірге қарапайым ғылыми тәжірибелер жүргізіңіз. Әртүрлі көлемдегі мұз текшелерін жасап, таймерді қосып, әрқайсысының қанша уақытта ерігенін анықтаңыз. Ыдысқа су толтырып алып, мынадай эксперимент жасаңыз. Су бетінде қандай заттардың қалатынын және қайсысының суға батып кететінін тексеріңіз.
Жаңа нәрсе ойлап табу
Үздік өнертабыстар көбіне адам маңызды мәселелерді шешкісі келгенде жасалады. Ал жазда мәселе айтарлықтай көп болады. Күннің ыстығы, түрлі жәндіктердің шағуы, жаңбырдың жаууы т.б. Балаңызға осы мәселенің бірін шешетін өнертабыс әзірлеуді ұсыныңыз. Идея тым күрделі және шындыққа жанаспайтын болып көрінуі мүмкін, бірақ оның маңызы жоқ екенін ескеріңіз. Бәлкім, бір күні сіздің балаңыздың идеясы әлемді өзгертетін болар!
Тамақ пісіру
Балаңызбен бірге жеңіл тағам жасаңыз. Мысалыға, балмұздақ. Тамақ дайындау кезінде бала рецепттерді оқуды, есептеуді және нұсқауларды дәл орындауды үйренеді. Сонымен қатар тамақ пісіру баланың қиялын дамытады.
Лагерьге бару
Балаңыздың жазғы демалысы есте қалатындай өткенін қаласаңыз, лагерьге жібергеніңіз дұрыс болады. Өйткені бала мұнда жаңа ортамен танысады, өзіне деген сенімділігі артады, көшбасшылық қабілеттерді бойына сіңіреді, қаражатты дұрыс жұмсауды үйренеді және ата-анамен дұрыс сөйлесу қабілеттерін арттырады. Осы орайда DARYN CAMP лагері туралы айтқымыз келеді. Мұнда балаңыз: актёрлық шеберлік, ораторлық курс, қаржылық сауаттылықты арттыру курсы, мобилография, SMM, копирайтинг курсы, бизнесмендермен кездесу, қорқынышты жеңу психологиялық тренингі, патриоттықты арттыру семинары және т.б. қатысуға мүмкіндік алады. Әрбір қатысушыға футболка, кепка, блокнот, қалам және сертификат сыйлықтары беріледі. Сонымен қатар үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар үшін: смартфон, велосипед, планшет, түсірілімге арналған лампа, самокат сыйлықтары бар. Лагерь Алматы қаласы, Тау-Тұран демалыс орталығында 24 шілде - 2 тамыз (10 күн) аралығында өтеді.