Bugin

Елорданың атауы өзгеруі мүмкін бе? - Тоғжанов жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан атауы жақын арада өзгертілмейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналистер одан бұрынғы атауды елордаға қай жағдайда қайтаруға болатынын сұрағанымен, Тоғжанов тікелей жауап қайтармады.

- «Мен бұған әлі ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын. Тағы да айтамын, әзірге ешқандай негіз жоқ» - деді Тоғжанов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол елорда күнін тойлау мерзімінің кейінге шегерілуіне қатысты пікір білдірді. Қазір ол Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.

- «Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлап жатырмыз. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күні аталып өтілсе, алдағы уақытта да тойланатын болады. Бізде көптеген шаралар жоспарланғанын білесіздер. Олар жоспарланғандай, 1 шілдеден бастап өткізілуде. Бұл Домбыра күні, Қазақстан Барысы-2022 Елорда күніне арналды. 1 шілде мен 8 шілде аралығындағы барлық іс-шаралар Астана күні аясында өткізілуде» - деді Тоғжанов.