Қостанайда балабақша тәрбиешісі сәбидің бұғанасын шығарып жіберген (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай қаласындағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған баланы жұлқып қалғаннан, бала орындықтан құлап, соның салдарынан бұғанасы шығып кеткен, деп жазады Bugin.kz порталы azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, балабақша тәрбиешісі орындықта отырған баланы күшпен жұлқи тартып қалғаны туралы видео жарияланды. Бала құлап, қатты жылай бастайды, ал тәрбиеші оны тыныштандыруға тырысады.

Айта кетерлігі, балабақша басшылығы бұл оқиғаға айрықша мән беріп жатпаған, ал полиция тіпті, ешқандай қылмыстық құрам жоқ деген.

Кейіннен белгілі болғандай, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі қазіргі таңда «№61 балабақша» КМК қызметкерінің тәртіптік жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

«Мұғалімге 2022 жылғы 29 маусымдағы бұйрық бойынша сөгіс жарияланды. Сонымен қатар осы жылдың 5 шілдесінде №61 балабақшасынан жұмыстан шығарылды. Ал аталған балабақшаның меңгерушісі ескерту түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Осы ретте оқыс оқиғаға байланысты білім бөлімі Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиын, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерімен брифинг өткізді.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61