Bugin

Борис Джонсон отставкаға кетуге келісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон отставкаға кету туралы хат дайындап жатыр. Алайда, биліктегі Консервативтік партияның жаңа басшысы сайланғанға дейін министрлер кабинетінің басшысы ретіндегі міндеттерін орындауды жалғастырады. Бұл туралы Bugin.kz порталы The Guardian британдық басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен аптада «Тори» парламенттік фракциясының үйлестірушісінің орынбасары Крис Пинчердің мас күйінде мемлекеттік мекемеде екі ер адамды қорлағаны белгілі болды. Осы оқиғаның салдарынан ол қызметінен кетті. Ал Джонсон кешірім сұрауға мәжбүр болды. Сонымен бірге, премьер-министр Пинчердің қудалау фактісі бойынша тергеуде айыпталушы болғанын білгенімен, оны жоғары мемлекеттік қызметке ұсынғаны белгілі болды.

Оқиғадан кейін қаржы министрі Риши Сунак пен денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид отставкаға кетті. Олар да қазіргі үкімет басшысының жұмыс әдістерімен келіспейтінін білдірді. Кейінірек үкіметтің басқа мүшелері де соған ілесіп, бірқатар консерватор депутаттар премьер-министрге сенімсіздік танытқанын мәлімдеді. Борис Джонсонның өзі премьер-министр креслосынан кетпейтінін айтты.

Еске салайық, Борис Джонсонның кесірінен Ұлыбритания үкіметінің 30-дан астам мүшесі отставкаға кеткен болатын.