Bugin
Маньяк Дэниел Камарго Барбоза басты кейіпкерге айналған қанды қылмыс оқиғасы 1984 жылдың желтоқсанында басталып, 1986 жылдың ақпанына дейін жалғасты. Бұл қанды террор толқыны Эквадорды дүр сілкіндірді. Өлі, шіріген, жалаңаш және сойылмен кесілген денелер орманды аймақтарда, үлкен қашықтықта орналасқан шөлейт жерлерде пайда бола бастады. Полицияның мәліметінше, табылған құрбандардың барлығы жас қыздар. Олардың көпшілігі сегіз-тоғыз жастағы кішкентай қыздар. Барлық қылмыстық істердің соңында әйелдерді өлтірудің психопатиясына әуестенген «Мангр хайуаны» лақап атымен танылған ер адам тұрды. Ендеше, Бүгін 71 адамның өмірін қиған маньяк туралы баяндасақ.
Оның бойы небәрі бір метр 65 сантиметр болды. Бұл зұлым «ергежейлі» Даниэль Камарго Барбоза небәрі кішкентай Эквадордың өзінде 71 құрбанды зорлап, өлтірді. Жалпы алғанда, қысқа ғана қанды мансабында маньяк Эквадор мен оның көршілес штаттарында 150-ге жуық әйелді құрбан еткен. Оның құрбандарының көпшілігі Эквадордың тығыз мангр ормандарымен қоршалған Ноболға апаратын жолдардың жанында өлтірілді. Сондықтан сериялық өлтіруші «Мангр хайуаны» деген лақап атқа ие болды.
Маньяк қалай пайда болды - «Мангр хайуаны»
Маньяк Дэниел Камарго Барбоза 1930 жылы 22 қаңтарда Колумбияның Анд тауларында дүниеге келген. Оның нақты туған жері әлі күнге дейін белгісіз. Анасы босану кезінде қайтыс болған. Әкесі әйелі қайтыс болған соң көп ұзамай басқа әйелге үйленеді. Бұл әйел қыз баланы дүниеге әкелуге тырысқанымен, еш нәтиже болмады. Сондықтан, ол Даниэльді қыз секілді киіндіріп, оны осы формада мектепке баруға мәжбүрлеген. Ол соның салдарынан сыныптастарының мазағы мен қорқытуына ұшырайды. Әкесі ұлының өмірін жеңілдетуге тырыспады. Керісінше, өзгелермен қосылып ұлын мазақ етіп жүрді.
- «Менің өгей шешем балалы болғысы келмеді. Бірақ, ол қызы болғанын қатты қалады. Ол бала кезінде қандай да бір жарақат алып, балалы бола алмаған сыңайлы. Ол мені қыз етіп киіндіргенде, шынымен де мені өз қызына айналдыруға тырысты. Ол мені жек көрмей, жақсы көрген де шығар, бірақ мен оны бала кезімнен мүлде ұнатпадым».
Осындай тәрбиенің нәтижесінде маньяк Дэниел Камарго Барбозаның бойында бала кезінен әйелдерге деген үлкен өшпенділік пен реніш пайда болды. Бұл оны ақырында қылмыстық іске айналдырды. Дегенмен, Даниел оқу кезінде Боготада орналасқан «Лео XIII» мектебінде озат оқушы болды. Кейінірек, оның отбасының қаржылық жағдайы айтарлықтай нашарлаған кезде, ол оқуын тастап, өзін отбасына қаржылық көмек көрсетуге арнауға мәжбүр болды. Бұл шешім, оның сөзімен айтқанда, «бүкіл әлемге» деген ренішін одан сайын арттырды.
Даниэлдің махаббаты және сыбайласы
Есейе келе Даниэль Барбоза оның өмірлік серігі Альцира есімді әйелді кездестірді, оның екі баласы болды. Сонымен бірге, ол алғаш рет ұсақ ұрлығы үшін қамауға алынды. Бұл оқиға 1958 жылы 24 мамырда Боготада орын алды. Көп ұзамай болашақ маньяк Альцирамен ажырасып, оны тастап кетеді. Өйткені ол 28 жастағы Эсперанзаны кездестірген еді. Алайда, сүйіктісі Эсперанза оған опасыздық жасаған соң жалпы әйелдер қауымына деген жиіркеніші арта түсті. Дегенмен, ол бұл әйелдің жанынан оңайлықпен кете қоймады. Керісінше, оған жас қыздарды тауып беруге көмектесуді өтінді.
Маньяк естелік сөзінде:
- «Ол маған тұрмысқа шыққанда пәк болмаған. Бірақ мен оны тастап кете алмадым, өйткені мен ессіз ғашық болдым. Өзіме «иә, мен оны тастап кетемін» деген кездер болды. Бірақ олай ете алмадым, өйткені мен оған ес түссіз ғашық болдым».
Нәтижесінде, бұл қылмыстық дуэтте Эсперанзаның көмегі маньяктың бес зорлау фактісін орындауына алып келді. Жәбірленуші есінен танып қалуы үшін ол есірткі қолданған. Алайда зорлық-зомбылық әрекетінің бесінші құрбаны кенет оянған сәтте өзінің зорланғанын білген. Қатты ашуланған ол зорлау туралы арызбен полицияға барады. Даниэль Барбоза бірден қамауға алынып, түрмеге жіберілді. 1964 жылы 10 сәуірде Колумбия соты жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін оны кінәлі деп танып, түрмеге жіберді.
Бастапқыда судья Барбозаны тек үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, бірақ көп ұзамай оның басқа қылмыстық эпизодтарға қатысқанын дәлелдейтін тергеу бар екенін білгенде прокуратура жаңа процесті бастайды. Бұл жолы қылмыскердің жолы болмады, ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл үкім оны қатты ашуландырып, бүкіл қоғамға ренішін білдірді. Маньяк өз жазасын әділетсіз деп санады және бұдан кейін жәбірленушілердің ешқайсысы зорлаудан аман қалмайды деп өз өзіне ант берді. Бұл оның көзқарасы бойынша қайтадан түрмеге түспеудің жалғыз жолы. Осылайша, тағы бір сериялық өлтіруші дүниеге келді.
Алғашқы қан - алғашқы өлім
Бостандыққа шыққаннан кейін қылмыскер Бразилияға көшіп, онда жай ғана қаңғыбастықпен айналысты. Нәтижесінде құжаттарының жоқтығынан 1973 жылы қамауға алынды. Бірақ Колумбиядан Бразилияға Даниэлдің қылмыстық жазбаларын жіберудің кешігуінің нәтижесінде ол жай ғана отанына жер аударылып, босатылды.
Бостандыққа шыққаннан кейін Барбоза Барранкильяда шағын теледидар дилері болып жұмысқа орналасты. Әйтеуір, мектеп жанынан өтіп бара жатып, тоғыз жасар қызды көреді. Сонан соң, оны алдап, елаз қоныстанған жерге апарып, зорлық көрсеткен. Сосын, қыздың болған оқиғаны жария етуі мүмкін екенін түсініп, оны тұншықтырып өлтіреді. Бұл оның бірінші өлтіруі болды. Осы кезде маньяк өрескел қателік жасап, оқиға орнынан асығыс кетіп, сол жерде сататын теледидарын ұмытып кетеді. Келесі күні, 1974 жылғы 3 мамырда маньяк ұмытылған теледидарды алып, жәбірленушінің денесін жерлеу үшін оқиға орнына оралды, бірақ сол сәтте полиция оны қылмыс орнында ұстады. Соның нәтижесінде арамза қамауға алынып, түрмеге жабылды.
Бұл жолы Колумбияның сот жүйесі Даниэль Барбозаны 30 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ көп ұзамай оның ісі қаралып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
1977 жылы 24 желтоқсанда қылмыскер Алькатрас американдық түрме орналасқан аралға ұқсас аралда орналасқан Горгон түрмесіне жіберіледі. Ол кезде бұл түрмеден бірде-бір тұтқын қашып құтыла алмаған. Бірақ бұл Барбозаны қашуға шабыттандырады. Ол 28 шаршы шақырымды алып жатқан және Тынық мұхитында орналасқан жанартаулық аралдан қашып шығуға дайындалады. Жоспарларын ұмытпай, арал төңірегіндегі ағыстарды жан-жақты зерттей отырып, география бойынша кітаптар оқиды. Сонымен қатар, бұл кезде ол Ницше, Фрейд және Достоевский сынды классиктерді жақсы көріп оқи бастады.
1984 жылы 23 қараша күні кешке серуендеу кезінде Даниэль Барбоза елеусіз жерде біреу жасырған шағын қайықты тауып алады. Тұтқын ойланып тұрмастан, оған кіріп, ескекті есуге кіріседі. Үш күн тамақсыз, сусыз отырып, талып қала жаздады. Бірақ кенеттен, күтпеген жерден жағалауды көзі шалды. Осылайша, маньяк аман-есен құтылып шықты.
Оның қашып, жоғалып кеткенін білген Колумбия билігі Горгон түрмесінің қауіпсіздігі барынша сақталғанын ескере отырып, оны осы күнде акулалар жеп қойды деп болжаған еді. Баспасөз беттерінде, оны акулалар өлтіргені туралы мәліметтер пайда бола бастады. Дэниел Барбоза өзінің қайтыс болғаны туралы фактіні пайдалана отырып, өзінің кезекті қылмыстық істерін бастап кетті. Ол өзінің алғашқы қылмысын жүзеге асыру үшін Эквадордың Кито қаласына келді. Содан кейін 1984 жылдың желтоқсан айының басында автобуспен Гуаякилге барды.
Жан түршігерлік кісі өлтіру процесі
1984 жылдың 18 желтоқсанында Эквадорда тоғыз жасар қыз жоғалып кетті. Сол сәттен «Террор толқыны» деп аталатын жан түршігерлік кісі өлтіру толқыны басталып кетті. Келесі күні тағы 10 жасар қыз жоғалып кетеді. Содан кейін тізім әрі қарай жалғаса берді. Бірте-бірте бұл аймақтан зорланған және өлтірілген қыздардың мәйіттері табыла бастады. Өлі, жалаңаш денелер жолдың жанынан, Нобола және Авенида де Лос-Гранадос аймағында өсімдіктер арасынан табылды. Полиция өлім-жітімнің нақты санын анықтай алмады, өйткені бастапқыда садистік зорлаушылар тобы жұмыс істегендіктен, жоғалған адамдардың санын анықтау өте қиын болды.
Маньякты ұстағаннан кейін ғана Гуаякил, Кито, Амбато, Мачала, Нобол, Кеведо қалаларында 71 қыздық өлтірілгені анықталды. Сондай-ақ, оны бір ғана сериялық өлтіруші істегені белгілі болды. Гуаякилде маньяк Дэниел Барбоза үйсіз қаңғыбас сияқты өмір сүрді. Жергілікті базарда қосалқы жұмысшы болып жұмыс істеді. Ол күніне 40 сукри, яғни бір доллардан аз табыс тапты. Ол өз құрбандарынан қалған жеке заттарды сатып отырған.
Құбыжықтың сыртқы портреті, оның тұтқындалуы және өлімі
Сырттай қарағанда, маньяк жіңішке, физикалық жағынан нашар дамыған, кішкентай, шашы өте сирек, маңдайы кең және қисық болды. Қатты және құрғақ тері иесі, жиі темекі шегетін. Сонымен қатар, ол жас кезінде футбол мен баскетбол ойнады. Горгон түрмесінде жазасын өтеп жатқан ол сүңгуір және пинг-понг ойнауды жақсы меңгерген. Кішкентай бойына және сыртқы әлсіз физикалық деректеріне қарамастан, қаскөй Эквадорда кем дегенде 71 қыз бен әйелді өлтіріп, 150-ден астам қылмыс жасаға.
Даниэль Барбоза ақылды және мәдениетті болды. Тестілер көрсеткендей, оның IQ көрсеткіші 116 бұл орташадан әлдеқайда жоғары. Оның жүріс-тұрысы саябақтағы орындықта ұйықтап, базарда жүк тиеуші болып жұмыс істейтін қаңғыбастың мәдениетіне сәйкес келмейтін. Бірде журналист Франсиско Фебрес Кордеро маньяк туралы:
- «Оның тұрпаты басқа психопаттардан ерекше. Ол барлық сұрақтарға жауап береді және ол Құдай мен Ібіліс туралы оңай айта алады. Ол Гессе, Варгас Льос, Гарсиа Маркес, Роза Гимаранес, Ницше, Стендаль және Фрейдтің сөздерінен мысал келтіреді».
Айта кетейік, сериялық өлтірушіні қолға түсіру кезінде оның портфелінен Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» шығармасы жазылған кітап табылған. Сонымен қатар, маньяк сурет салуды ұнататын болған.
Маньяк 1986 жылы 26 ақпанда 9 жасар Элизабет Телпесті зорлап, өлтіргеннен кейін ұсталды. Полиция патрульі Китодағы Лос-Гранадос даңғылында өзін әдеттен тыс ұстаған күдікті адамды байқайды. Осыдан кейін екі полиция қызметкері ер адамға жақындап, одан сөмкенің ішіндегісін көрсетуді сұрайды. Тінту кезінде Барбозаның сөмкесінен кішкентай қыздың қанға боялған киімдері табылып, ол бірден қамауға алынады. Сонымен қатар, ол өз құрбандарын жерлеген жерлерді еш қаймықпай көрсетеді.
Тұтқынға алынғаннан кейін ол Гуаякил түрмесінде біраз ұзақ уақыт болды. 1986 жылы маусымда «Ноу» газетінің журналисі Франсиско Фебре Кордеро маньякпен сұхбат ұйымдастырды. Тіпті, маньяк сұхбат үшін журналистен көп ақша талап етті. Сол себепті, журналист тұтқынға кірерде психолог маман ретінде кірді. Осылайша, ол ешбір күдік тудырмай, сұрақтарын еркін қоюға мүмкіндік алды.
1989 жылы қылмыскер Китода орналасқан Гарсиа Морено түрмесіне ауыстырылды. Қылмыскер бар болғаны 16 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл Эквадорда қарастырылған ең жоғары жаза еді. Гарсиа Морено түрмесіне көшкеннен кейін, ол бірінші күндері маньяк Педро Алонсо Лопеспен бір камерада болды. Бұл колумбиялық 300-ден астам кісі өлтірген сериялық өлтіруші Анд құбыжығы ретінде белгілі болған маньяк.
«Мангр хайуанын» 1994 жылы 13 қарашада 29 жастағы тұтқын Луис Масаче Нарваес өлтірген. Бұл Дэниел Барбозаның құрбандарының бірінің немере ағасы болатын. Жексенбіде бейтаныс Барбоза өз камерасында болған кезде кенет өлтіруші оған шабуыл жасап, шашынан ұстап алып, оған сегіз жерінен пышақ жарақатын салған. Бұл Даниэль Барбозаның соңғы сәті болды. Қазіргі уақытта оның сүйегі Эль-Батан зиратындағы №798 шұңқырда жатыр. Қайтыс болған кезде ол 64 жаста болды.