Экономика

Мектеп оқушылары кәсіп саласында білім алады

Елбасының бағдарламасы негізінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының президенті үкіметті таратып, қайта жасақтаудан кейін басшылыққа бірқатар тапсырманы жіті тапсырды. Соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, халықтың әлеуметтік мәселесін шешу негізінде міндеттер жүктеді. Жүктелген міндетті орындауға алдымен жұмыс күшін бастап кеткен «Атамекен» Ұлттық палатасы болды.

«Атамекеннің» және елдегі жасалу керек бағдарламалардың аясында кәсіпті, шағын және орта бизнесті қолға алу арқылы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» атты пән оқытылатын болады.

«Атамекен» палатасының айтуынша, аталған сала бойынша пән негізін 7 сыныптан бастауды ұсынып отыр. Ерте жастан баланың кәсіпке бейім болуы, ертеңгі экономикасы тұрақты елдің дамуына үлкен үлесін қосады деп отыр.

Шындығында, бұл үлкен әрі жауапты бастама. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, шағын және орта бизнесті нығайтуда ел болашағы болатын жастардың өз алдына қаржылық сауаттылығын меңгеруі өте маңызды әрі күн тәртібінде тұрған мәселе.

Бұдан өзге «Атамекен» Жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алып жатқан 180 мың студентке кәсіпкерлік негізі бойынша оқыту жұмыстарын да бастайтын болады.