Әлем

Украина үшін күрескен орыс әйелдің ойы: Соғыстағы әйелдердің рөлі қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Донбасста украин әскерінің құрамында күрескен орыс әйел Юлия Толопа соғыстағы әйелдердің рөлі туралы айтты. Айта кетейік, оны Ресейде сатқын деп санайды. Бұл туралы ресейлік Zn.ua сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

«Соғыс – профессионалдардың ісі. Ол әйелсің бе, еркексің бе таңдамайды. Негізінде әйелдер ер адамдарға қарағанда қайратты келеді. Шайқастың ортасында адам өлтіргеннен кейін өзін жоғалтып, автоматтарын тастап қашқан жігіттерді көрдім. Ал әйелдер «екі жүз», «үш жүз» адамды шайқаста жайпап жатады. Бұл – статистика», – дейді Юлия.

Ол «Айдар» құрамында соғысып, батальон қатысқан барлық операцияларда болды. Ал 2016 жылы Украина Қарулы Күштерімен келісім-шартқа отырып, тағы жарты жыл бойы күресті. Соған қарамастан ол поэзияны сүйеді және қыш құмыра жасау өнеріне қайта оралуды армандайды.

«Алғашқы кезде 2014 жылдың маусымынан бастап диверсиялық-шабуылдау тобының құрамында болдым. Кейіннен 2-жауынгерлік машинаның командирі атандым», – деп Юлия қандай қызмет атқарғаны туралы айтып өтті.

Сонымен қатар Толопа ер адамдарға командир болғанын және оларды 18 жасынан бастап басқара бастағанын баяндады.

«2014 жылы 19 жастамын. Бірге қызмет еткен ерлердің бәрімен алғаш рет бір топта жүрген жоқпыз. Біз бір-бірімізді өте жақсы түсіндік. Бәрі жақсы болды», – дейді ол.

Юлияның айтуынша, ер адамдар оған қолдау білдірген әрі көмектескен.

«Бұған мән бермейсің. Егер үнемі көмек сұрамасаң, саған қарапайым сарбаз ретінде ғана қарайды. Еркексің бе, әйелсің бе – мұнда айырмашылық жоқ. Сен жай ғана өзіңе артылған міндетті орындайсың», – дейді Толопа.