Bugin

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот шешімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

– «8 шілдеде Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», – делінген хабарламада.

Қайрат Боранбаев елдегі ең ірі байлардың бірі. Боранбаев «Forbes Kazakhstan» рейтингінде 590 миллион доллар байлығымен 14-ші орында тұр.

Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр.