Bugin

Оқ тиіп ауруханаға түскен Жапон премьері қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды. Бүгін ғана түсте қастандыққа тап болып, оқ тиіп қатты жараланған премьер ауруханаға жетіп барып көз жұмған екен.

Мұны Жапония орталық телеарнасы хабаралады.

Жерге сұлқ құлап, естен танған саясаткерді ауруханаға жедел қызмет тікұшақпен жеткізген. Дәрігерлер қолдан келгенін жасады. Қан құйып, бірнеше сағат өмірімен арпалысты. Бірақ бәрі кеш...

 

Ал оны тапа-тал түсте дробовикпен атқан - 41 жастағы Тэцуя Ямагами есімді жапон азаматы. Қылмыскер «саясаткерге неге оқ аттың?» дегенге «оның саясаты, мінез-құлқы маған ұнамады» деп жауап берген. Бірақ Абэнің саясатына мүлде қарсы емес екенін де қоса айтқан. 

Ямагами 2000 жылдардың басында Жапонияның теңіз күштерінде қызмет істеген. Яғни, мамандығы - әскери. 

Абэні ол Нара қаласында теміржол вокзалында ел алдында сөз сөйлеп тұрған жерінен атқан. Марқұмға екі оқ тиген. Біреуі кеудесіне, біреуі - желкесіне. 

Тиген оқтан саясаткер тіл тартпай кеткенге ұқсайды. Клиникалық өлімге түсіп, кейін ауруханаға жеткізілген. 

Жапон премьер-министрі Абэге қастандық жасалды