Bugin

«Ақша таппаңыздар, ағайын»: Светқали Нұржан Instagram желісіндегі алаяқтық туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал ақын Светқали Нұржан Instagram желісіндегі алаяқтық туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Маған жан-жақтағы жанашырлардан ескертулер келіп жатыр. Инстаграм деген әлемде (маған ол әлем танық) әлдекімдер менің осындай бейнелерімді пайдаланып, ақша табуды жарнамалайтын көрінеді. Әрине қазір елдің көбін «ақша-құдайдың» атқан кезі ғой. Бірақ мен ол «ақша-құдайдың» құзырында жоқ пендемін! Бұл әрекет бар болғаны имансыз алаяқтардың ісі деп білем. Ақша таппаңыздар, ағайын, Иман, Сенім, Намыс, Ар, Ілім-Білім, Өнер табыңыздар! Осыларды тапсақ, қалған мұқтажды Анық Құдай - Шын Құдай Өзі-ақ қолға келтіреді! Тілекші бауыр-қарындастар, менің осы Ескертпемді көбірек таратуға ат салысыңыздаршы. Өтінішпен, Светқали Нұржан (Айт-Ман)», – деп жазды ақын.