Әлем

Байден Таяу Шығысқа жасайтын cапары барысында Украина үшін қару сұрамақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Таяу Шығысқа сапары кезінде Украинаға кеңестік қару табуға тырысады. Бұл туралы Bugin.kz порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

Басылымның атап өтуінше, президент Байден Украинаға қажетінше қолдау көрсетуге уәде берді. Бірақ ол да, басқалар да соғыстың қашанға дейін жалғасатынын нақты айта алмайды. Шенеуніктердің айтуынша, бір күндері АҚШ пен Еуропада қару-жарақ қоры таусылуы мүмкін.  

- «АҚШ 54 миллиард долларлық әскери және басқа да көмекке рұқсат бергенімен, бұл сома таусылғанда ешкім тағы 54 миллиард долларлық чек күтпейді», - деп жазады басылым.  

Байден мен оның командасы ұзақ мерзімді қару-жарақ стратегиясын іздейді, өйткені келіссөздер арқылы реттеу перспективасы мүлде алыстап кетті. Ал, жұртшылық соғыстан шаршай бастады. 

Кейбір болжамдар бойынша, Украинаға Конгресс қабылдаған әскери көмек келесі жылдың екінші тоқсанына дейін жалғасады. Бірақ мәселе АҚШ-тың әскери дайындығын нашарлатпай, қазіргі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізу қанша уақытқа созылатындығында. 

АҚШ шенеуніктері басқа елдерді Украинаға кеңестік қару қорын беруге шақырды. Бұл мәселе, Байденнің Таяу Шығысқа сапары кезінде, ол Мәскеудің бұрын клиенті болған араб көшбасшыларымен кездесуі кезінде талқылануы мүмкін.  

Бұған қоса, Джо Байден «Вашингтон Пост» газетіне жазған мақаласында Таяу Шығысқа сапары барысында Ресеймен текетіресте АҚШ-ты қолдайтын елдердің шеңберін кеңейтуге тырысатынын айтты. 

Байден 13-16 шілде аралығындағы сапар аясында Израиль, Батыс жағалау және Сауд Арабиясына барады.