Bugin

Ердоған мен Путин маңызды мәселелерді талқылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркия президенті кеңсесінің сайтына сілтеме жасап.

Сириядан басқа, Украина-Ресей жағдайы да талқыланғандығы айтылды. 

- «Қара теңіз арқылы астық экспорттау үшін қауіпсіз дәліздерді құру мәселелері талқыланды. Президент Ердоған Сириядағы шекаралық механизмнің кеңеюіне де ерекше мән беретінін айтты», - делінген хабарламада.

Ердоған Украина мен Ресей арасындағы жағдайды келіссөздер арқылы шешу керектігін тағы да айтты. Ол Түркияның бұрынғыдай келіссөздер үдерісін жандандыруға кез келген үлес қосуға дайын екенін баса айтты.