Bugin
Таразда ҰҚК орталық аппаратының қызметкерлері Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановты ұстады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-спикердің ұлының ұсталуы туралы мән-жай анықталып жатыр. Айта кетейік, Нұрхан Нұрланов «Қазфосфат» ЖШС басшысы.
P.S. «Қазфосфат» зауытының директоры Нұрхан Нұрланов редакцияға хабарласып, Тараздағы үйінде екенін, кеңсесінде тінту жүргізілмегенін, қамауға алынбағанын айтты.
Төтенше жағдайлар департаменті мен қала, облыс әкімдіктерінің өкілдерімен бірге зауыттағы шұғыл атмосфераға шығарындыларға байланысты жиналыста болғанын, орынбасарлары сонда болғанын, «нұсқау беріп» зауыттан шығып кеткенін айтты.
Нұрланов және Kaz Chemicals басқарма төрағасының орынбасары Игорь Завьялов кәсіпорындағы шығарындылардың себебі туралы түсінік беруден бас тартты. Бұл мәселемен комиссия айналысады. Төтенше жағдайдың себептері анықталғаннан кейін ресми баспасөз мәлімдемесі жарияланады» деп жауап берді.
Еске салсақ, Тараздағы «Қазфосфат» зауытында апат болды.
Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарланды. Олар ауада «фторидті қосылыстардың аздап артқанын» атап өтті.
- «11 шілдеде, сағат 20:30-да Тараз қаласындағы «Қазфосфат минералды тыңайтқыштар» ЖШС зауытында апат болды. Экология департаменті қала прокуратурасымен бірге СҚА шекарасында зиянды заттарды өлшеуге шықты. Фторлы сутектің артуы 2-3 есе, аммиактың, күкіртсутектің, СО2-нің артуы анықталған жоқ. Осыдан кейін топ Шайқұрыққа қала шекарасына қарай бет алды, өйткені жел сол бағытта жүрді. Шайқұрықта барлық көрсеткіштер бойынша нормадан асу анықталған жоқ. Бұл жағдай топтың бақылауында, нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады» - делінген хабарламада.