Bugin

Әлем және адамзат тарихындағы ең ірі террорлық шабуылдар (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Терроризм – ауру. Қазіргі өркениетті қоғамдағы жара. Содырлардың әрекеті кенеттен жасалады, қатыгез әрі адамгершілікке жатпайды. Ұйықтап жатқан адамдары бар тұрғын үйлердің, үйге немесе жұмысқа асығып бара жатқан адамдар мінген қоғамдық көліктердің жарылуы, мектептер мен ауруханаларды, балабақшаларды басып алу мұның бәрі террорлық шабуылдар. Олардың жасаған істерінен мән іздеудің қажеті жоқ. Қайнап жатқан тіршілік болғандықтан адамдар мұндай жағдайларға да дайын болуы керек. 

Терроризм ең алдымен қорқытуға бағытталған. Адамдардың жан дүниесіне қорқыныш ұялату, олардың күшінің жанында қоғамның қаншалықты дәрменсіз екенін көрсету. Әрбір жаңа шабуыл бір жағынан ондаған, жүздеген, кейде мыңдаған отбасыларды қайғыға батырса, екінші жағынан лаңкестік ұяшықтардың басшыларын қуантады. Ендеше қаншама отбасыны, әлем елдерін қара жамылдырып, қайғыртқан террористік ұйымдар жасаған лаңкестік әрекеттер тізімін ұсынсақ.  

1. Балидегі шабуыл. 202 адам қайтыс болды  

202 адамның, оның ішінде 164 шетелдіктің өліміне әкелген бұл қорқынышты оқиға 2002 жылдың 12 қазанында болды. 

Бали аралындағы танымал Кута жағажайында екі күшті жарылыс болды. Екеуі де адам көп жиналатын қоғамдық орындарда болды. Бірінші бомба жанкешті жасаған «Пэддиз»-да жарылды. Аз уақыттан соң жарылғыш зат толтырылған көлік жақын маңдағы көшеде жарылды. 

Жарылыстан шыққан үлкен өрттің салдарынан жиырмадан астам үй жалынға оранды. 2002 жылы 21 қазанда қылмыскер тұтқындалды. Ол Абдул Азиз есімді адам болып шықты. Бұл Индонезия тарихындағы ең ірі теракт.  

2. Мумбайдағы шабуылдар. 209 адам қайтыс болды 

2008 жылы 26 қарашада адам сенгісіз лаңкестік актісі орын алды. АК-47 автоматтары мен гранаталармен қаруланған бірнеше жас жігіттер жазықсыз адамдарға оқ жаудырды. 

Бұл топ әуелі Королева Виктория терминалы деп аталатын Чхатрапати Шиважи станциясында бой көрсетсе, тағы екеуі Тәж-Махал мен Оберои қонақүйлерінде адамдарды кепілге алған. Әр ғимаратта шабуыл кезінде екі жүзден астам адам болған. Полиция бөлімшесіне де шабуыл жасалған. Барлығы жеті шабуыл орын алды. 

3. Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне нұқсан келтіру. 224 адам қайтыс болды  

Синхронды террористік шабуылдар 1998 жылы 7 тамызда орын алды. Лаңкестер Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктерін нысанаға алған. Қайтыс болғандардың көпшілігі Найробиде (213 адам) және тағы 11 адам Дар-эс-Саламда. 4 мыңнан астам адам жарақат алды. Негізгі зардап шеккендер қарапайым жолаушылар мен көрші үйлердің тұрғындары. 

4. A321 Когалымавиа ұшағы. 224 адам қайтыс болды  

2015 жылдың 31 қазанында Мысыр тарихындағы ең ірі ұшақ апаты орын алды. Сонымен бірге бүкіл әлем тарихындағы Ресей азаматтары қаза болған ең ірі ұшақ апаты болды. 

Танымал Шарм-эль-Шейх – Санкт-Петербург бағыты бойынша ұшатын лайнер 23 минуттан кейін операторлармен байланысын үзіп, радардан жоғалып кетті. Ұшақ сынықтары Нахл қаласының маңынан табылды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты. 

Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ирак пен Левант» (ДАИШ) тобының мүшелері өз мойнына алды.  

5. Бомбейдегі шабуылдар. 257 адам қайтыс болды 

1993 жылы 12 наурызда бірқатар терактілер орын алды. Жарылғыш зат толтырылған 13 көлік жарылды. Салдарынан 257 адам қаза тапты. Кінәлі 2015 жылы сот үкімімен ату жазасына кесілген.   

6. Локербиге шабуыл. 270 адам қайтыс болды  

Ұшақ апаты 1988 жылы 21 желтоқсанда орын алған. Әуе кемесінің жүк бөлігіне жарылғыш заттарды өткізіп үлгерген лаңкестер жолаушылардың, экипаж мүшелерінің ғана емес, жердегі 11 адамның өмірін қиды. 

Бір сағатқа жуық ұшудан кейін ұшақтың алдындағы жарылғыш заттар жарылған. Лайнер бірден бөліктерге бөлініп, Локерби қаласына құлаған. Салдарынан 270 адам қаза тапты. Тергеу үш жылға созылды. 1990 жылы апаттың ресми нұсқасы жарияланды. 

7. Нигериядағы Боко Харам шабуылы. 300-ден астам қайтыс болды 

«Батыс – күнә» деп аударылатын «Боко Харам» лаңкестік ұйымы өзін Талибанның африкалық нұсқасы ретінде санап, Нигерияда үш жүзден астам адамның өмірін қиған теракттер сериясын жасады. Бұл ұйымның ең сұмдық әрекеттерінің бірі екі жүзден астам оқушы қызды тұтқынға алу болды. 

8. Boeing 747 Air India. 329 адам қайтыс болды  

Ең ірі әуе апаты 1985 жылы 23 маусымда Атлант мұхиты үстінде, Корк маңында болды. Жарылыс салдарынан 307 жолаушы мен 22 экипаж мүшесі қаза тапты. Ұзақ уақыт бойы лаңкестік әрекеттің дәлелі табыла қойған жоқ. Ұшақтың сынықтары мұхит түбінде жатқандықтан, көбісін табу мүмкін болмады. 

10 шілдеде ұшақтан екі жазба құрылғысы табылды, осы уақытқа дейін кейбір сынықтар көтерілді. Сараптама апатқа жарылыс себеп болғанын айқындайтын дәлелдер жинай алды. 1986 жылы лаңкестік әрекет туралы айтылған ресми нұсқа жарияланды. Тікелей дәлел болмаса да, бұл оқиғалардың ең ықтимал нәтижесі болды. 

Күдік бірден бірнеше топқа түсті. Бір Л.Сингх Ванкуверде Canadian Pacific Air Lines-003-ті тексерді, бірақ ешқашан бортқа шықпады. Ол сондай-ақ Наритадан Бангкокқа бағыт алған Air-India-301 рейсінің жолаушылары қатарында болды. Нарита әуежайында жарылған жарылғыш зат салынған чемоданның сынықтарынан Лал Сингхтың саусақ іздері табылды. Ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.  

9. Беслан. 335 адам қайтыс болды  

Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте жасалған лаңкестік әрекет 335 адамның өмірін қиды, оның 186-сы балалар. 2004 жылдың 1 қыркүйегінде демонстрация кезінде қарулы топ содырлар мектепке басып кіріп, мыңнан астам адамды тұтқындап, кепілге алған.  Бұл адамгершілікке жатпайтын әрекет үшін жауапкершілікті  террорист Шамиль Басаев өз мойнына алды.  

10. АҚШ-тағы 11 қыркүйектегі шабуылдар. 2996 адам қайтыс болды  

Әлем астанасы Нью-Йорк қаласында адамзат тарихындағы ең ірі лаңкестік оқиға болды. Адамгершілікке жатпайтын әрекет Америка тұрғындарын ғана емес, бүкіл әлемді таң қалдырды. 2001 жылдың 11 қыркүйегінде «Әл-Қаида» террористік ұйымы АҚШ-тың ең маңызды нысандарына төрт рет шабуыл жасады. 

19 жанкешті топ төрт жоспарлы жолаушылар лайнерін ұрлауды ұйымдастырды, олардың екеуі Дүниежүзілік сауда орталығының көпқабатты үйлеріне бағытталған, үшінші ұшақ Пентагон ғимаратына соқтығысқан. 

Экипаж соңғы рейстің жолаушыларымен бірге содырларға тойтарыс бере алды, бірақ ұшақ Пенсильвания даласында құлады. Шабуыл салдарынан 2996 адам қаза тауып, алты мыңнан астамы жараланған. Әйгілі егіз мұнаралар қирап, Пентагонның үкімет ғимаратына зақым келген.