Bugin
Судья журналистерге Біртановтың сотынан аудио мен видео таратуға тыйым салды. Бұл туралы экс-министр әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.
Осыған байланысты Елжан Біртанов судья Әлкеновтен бас тартатыны туралы тағы шағым түсірді. Біртановтың айтуынша, судья өз шешімін түсіндіргенде әртүрлі фото мен видеороликтер «бағалау пайымымен» бұрыс қоғамдық пікір қалыптастыратынын айтқан.
«Негізі заң бойынша Қазақстанда судья сот өткізерде және шешім қабылдарда қоғамдық пікірден де, пайымнан да тәуелсіз болуы керек. Алайда біздің жағдайда судья Әлкенов керісінше қоғамдық пікірге тәуелділік танытып отыр. Демек біздің іске төрағалық етуден шеттетілуі керек», - деп жазды ол.